18 Сәу 2023

«Жайсаң» кенішінде жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жайсан» кенішінде экологиялық акция өтті. Кәсіпорын қызметкерлері әкімшілік-тұрмыстық кешен аумағында алма, қара өрік және жаңғақ көшеттерін, жалпы саны 40-тан астам жас ағаш отырғызды.

Image 2

«Қазақмыс» компаниялар тобы өз кәсіпорындары мен өндіріс нысандары орналасқан қалаларды көгалдандыруды үнемі жүзеге асырады. Осылайша, компания өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда.

Ағаш отырғызудан басқа, «Қазақмыс» қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға көп көңіл бөледі. Ол үшін тазарту жабдықтарын жаңғырту бойынша және ластаушы заттар шығарындыларына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, уәкілетті мемлекеттік органдарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және келісіледі.

Бұл жұмыстардың барлығы компания кәсіпорындарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Өйткені,»Қазақмыстың»  басты мақсаттарының бірі — технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде өндірістердің қоршаған ортаға әсерін дәйекті түрде азайту. Компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатында айқындалған экология саласындағы стандарттарға қол жеткізуге ұмтылады.

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық