09 Мам 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен кәсіподақ комитеті Кәсіподақ комитетінің өкілдерінен құралған делегация қазіргі таңда серіктестік құрамына кіретін кәсіпорындарда ұзақ жылдар еңбек еткен 462 тыл еңбеккерінің шаңырағында болды.

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, өндірісті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтылып, азық-түлік пакеттері мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Римма Ивановна Демьяненко, Хамит Әлібеков пен Иван Иванович Куценко және басқалар келген қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімеледі.

Image 2

Қарағандылық Иван Иванович Куценко кәмелет жасқа толмағандықтан майданға алынбаған жандардың қатарында еді, бірақ оның көрген қиындықтары жеткілікті болатын. Оның еңбек жолындағы басты даңқын арттырған орны Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты болды. ҚҚМЗ –да ол жарты ғасырдан астам еңбек етті. Ерен еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту ордені» және «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Осы зауыттан құрметті еңбек демалысына шықты.

Image 2

Тоқсанның үшеуіне келген Иван Ивановичтің бүгінде құлағы нашар естиді және баяу қозғалады, осыған қарамастан қонақтарды өзі қарсы алып және құттықтауларға қуана жауап берді. Өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдірген қария бүгінде кәрілікке ғана шағымының бар екенін айтып әзілдеді.

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық