08 Қыр 2023

Әр уақытта керек мамандық

Ұзалиндердің тегі Балқаш өңірінің тау-кен кәсіпорындарының арасында жақсы танымал. Бұл 500 жылдық жалпы еңбек өтілі бар ең құрметті және әйгілі кеншілер әулетінің бірі. Оның негізін қалаушы-Қоңырат кенішінде өмір бойы техникалық жабдықтауда жұмыс істеген Төлеухан Ұзалин. Ол жұбайы Күләшпен бірге 11 бала тәрбиелеп өсірді, бүгінгі күні, олардың көбісі тек қана кеніште ғана емес, Қазақмыстың әр саласында еңбек етуде.

Image 2

Серғазы Узалин осы атақты кеншілер әулетінің өкілі. Ол Төлеухан Ұзалиннің сегізінші баласы және кәзіргі таңда, осы әулеттің даңқты еңбек жолын жалғастырушы.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Балқаштүстімет» ӨБ Қоңырат кенішіндегі еңбек эпопеясын, Серғазы Ұзалин, 1985 жылы күрделі жөндеу учаскесінің электр слесарі болып бастады. Содан кейін, ол карьердің экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеді, ал қазіргі уақытта, 6-разрядты экскаватор машинисі.

Серғазы Ұзалин 40 жылға жуық еңбек өтілі бар және Қоңырат кенішінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, майталман мамандардың бірі болып табылады. Әріптестері, оны өз ісіне адал және еңбекқор жұмыскер ретінде сипаттайды.

Кеншінің өзі айтқандай, Балқаш өңірінің алтын бесігі- Қоңырат кеніші гүлдену мен тоқырау кездерінде бастан өткізген кәсіпорын. Әр қилы«экономикалық метаморфоздарға» қарамастан, Серғазы аға өз әріптестері -Қоңыраткеншілерімен бірге,өзінің кәсіби мамандығымен кәсіпорнына адалдық танытып, барлық қиыншылықтар мен дағдарыстарды жеңіп шыққан мамандардың бірі.

Image 2

Серғазы Узалин кеніш туралы, әріптестері және өз жұмысы туралы тебірене әңгімелйді. Оның әрбір сөзінде мамандыққа деген адалдық және шексіз сүйіспеншілік сезіледі. Серғазы Ұзалин үшін кенші болу-оның қарапайым, бірақ тамаша да, маңызы зор еңбек өмірінің мәні.

«Білесіз бе, көпшіліктің пікірінше, экскаватор машинисі-бұл кабинада отыратын және экскаваторды рычагтардың көмегімен басқаратын жұмысшы. Бірақта, экскаватор машинисі, машинаны шебер басқарып қана қоймай, физика заңдарын, әсіресе электротехниканы жақсы білуі керек. Сондай-ақ, ол өз учаскесінің тау-кен геологиялық сипаттамасы мен қасиеттерін жақсы білуі қажет. Біздің жұмысымызда қол ептілігі мен көрегенділік қабілеті де үлкен рөл атқарады. Экскаватор машинисті - бұл әр уақытта керек мамандық», - деп түсіндірді Серғазы Төлеуханұлы.

Image 2

Серғазы Ұзалинге, кеніш басшылары, ең қиын өндірістік міндеттерді орындауды әрқашан сеніп тапсырады. Күн сайын ол 250 тонналық, шынжыр табанды карьер экскаваторынын (ШКЭ-5А) алып шөмішімен бір уақытта 10-нан 12,5 тоннаға дейін тау жыныстарын шығарады. Серғазы аға өзінің еңбегімен, бейнеті  мен зейнеті зор кеншілер мамандығын дәріптеп, кенші болуға тек қана рухы мықты, нағыз ер-жігіттер бола алатынын дәлелдеген адам.

Бүгінгі таңда, Ұзалиндердің еңбектегі сара жолын, осы   әулеттің жас өкілдері жалғастыруда. Қоңырат кенішінде, Серғазы ағамен бірге тау-кен шебері және бас геолог болып оның туған жиендері - Ерден мен Думан жұмыс істейді.

Image 2

Серғазы Төлеуханұлы Ұзалин жоғары еңбек жетістіктері үшін бірнеше рет «Қазақмыс» тобының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Биыл, кеншілер мен байытушылар күні, Серғазы Ұзалин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III-дәрежелі «Кенші даңқы» салалық төсбелгісімен марапатталды. Марапат өзінің лайықты кейіпкерін тапты.

Ляззат Смагулова

Новости по теме

Новости по теме

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!

22 Sep 2023

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жезқазғанда 500-ге жуық науқасты қабылдап, Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне тренинг өткізді