08 Мам 2022

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі Қазақмыс қызметкерлері!

Біз көктемнің алғашқы шуақты күндерінде ең маңызды мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс күнін атап өтеміз. Биыл бұл мерекенің 77 жылдығын қарсы алудамыз.

Image 2

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қадірлі Қазақмыс қызметкерлері!

Біз көктемнің алғашқы шуақты күндерінде ең маңызды мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс күнін атап өтеміз. Биыл бұл мерекенің 77 жылдығын қарсы алудамыз.

Майдан даласында қаза тапқан әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін қастерлейміз. Біз туған жерге оралып, зауыттарда, фабрикаларда, шахталарда еңбек етіп, еліміздің экономикасын көтерген майдангерлерді  ұмытпаймыз. Соғыс жылдарында өндірісте жеңіске жетіп, Кеңес әскерінің қорғаныс күшін қамтамасыз еткен аға буынға бас иеміз!

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге орай «Қазақмыс» компаниялар тобындағы кәсіпорындардан зейнеткерлікке шыққан ардагерлерімізге материалдық қолдау көрсетуді жөн көрдік.

Біз бейбіт, бақуатты мемлекетте өмір сүрудеміз. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы бұл мерекені, тарихымыздағы маңызды күнді әрқашан қастерлеп, құрметтейтініне сенімдімін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін,  құрметті ардагерлер!

Құрметпен, Э.В. Огай,

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз