08 Мам 2022

Құрметті Қазақмыс қызметкерлері!

Мамыр айында біз тарихымыздағы басты мерекелердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз.

Image 2

Құрметті Қазақмыс қызметкерлері!

Мамыр айында біз тарихымыздағы басты мерекелердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл мереке бәріміз үшін ерліктің, ұлттың ұлылығының және патриотизмнің символы болып табылады.

Соғыс жылдарында Қарсақбай зауыты майданға әскери техниканы, Балқаш танк құрылысына қажетті молибден өндіруді қамтамасыз етті.  Майданға аттанған кеншілер, металлургтер мен  байытушылардың орнын әйелдер мен жасөспірімдер басты. Жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Рухтарыңыз табанды, дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз табысты болсын! Отбастарыңызға амандық пен береке, ашық аспан тілеймін!

Андрей Гайдин,

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз