20 Нау 2023

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері!

Сіздерді көктемнің басты мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Бұл Ұлық мейрам негізінде атадан жалғасқан  ең жақсы дәстүрлерге деген адалдықты және халықтар арасындағы рухани қауымдастықты, достықты сақтауға деген ұмтылысты дәріптейтін терең мағына жатыр. Көктемгі күн мен түннің теңелу күнінде атап өтілетін бұл ежелгі мереке табиғаттың жанданып,  тіршілік атаулының оянуын бейнелейді, жаратылысқа бейімдеуді сезіндіреді. Бұл күні адамдар бір-біріне ерекше мейірімділік пен ілтипат, жомарттық пен кеңдік танытады.

Табиғаттың оянуымен адам да оянады: бізде жаңа идеялар пайда болады, біз жаңа жоспарлар жасаймыз, өмірімізді жақсартуға және компания іскерлігін  тиімдірек етуге тырысамыз. Біздегі әр жетістік Қазақмыс қызметкерлерінің көпұлтты командасының арқасында жүзеге асады. Сіздердің еңбектеріңіздің  арқасында компания  мыс өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып қала береді. Сіздер  прогресс пен жаңа технологиялардың негізін құрып жатырсыздар.

Наурыз Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін өркендеу, бақыт, береке, табыс әкелсін! Біздің барлық жақсы үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз орындалсын! Елімізде мызғымас достық, өзара түсіністік және ашық бейбіт аспан сақталсын!

Мереке құтты болсын!

«Kazakhmys Holding ЖШС

(Қазақмыс Холдингі)»

Директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық