17 Там 2021

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА СТАНДАРТ

Еңбек қауіпсіздігі Ағымдағы қызмет

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкес алғашқы кәсіпорынды сертификаттауға дайындау іске қосылды.

Жаңа стандарт-1999 жылы қабылданған әйгілі OHSAS 18001 стандартының эволюциясы. Оның негізгі айырмашылығы- ұйымның операциялық қызметіне қауіпсіздік мәселелерін тереңірек енгізу, жоғары басшылықтың кеңейтілген рөлі және мердігерлермен, серіктестермен және жеткізушілермен қарым-қатынас. Бұл қауіпсіздік мәселелері компаниядағы әрбір басшының күнделікті жұмысының табиғи және ажырамас бөлігі болатынын білдіреді.

Жаңа стандартқа көшу процесін қолдау үшін жарақаттану оқиғалары, қауіпті жағдайлар мен жұмыс орындарындағы мінез-құлық тәуекелдері бойынша ақпаратты жинау мен талдауды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылға арналған жоспардағы бірінші кәсіпорын – Балқаш мыс балқыту зауытын сертификаттау жоспарланған. Сертификаттауға дайындық жұмыстары Қазақстан Республикасының нарығында халықаралық сертификаттау саласындағы сарапшы компанияны үлгіге  ала  отырып басталды.

Келесі жылы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС негізгі активтерінің 50% жаңа стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда