28 Нау 2023
Жаңарту мерекесі
Наурыз - жарқын үміт пен үшқыр арман сыйлайтын мереке. Көктемгі күн мен түннің теңелуімен қоса табиғатта қысқы ұйқыдан оянып, жаңа маусымға дайындалады. Адамдар да қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, болашаққа жоспар құрады. Наурыз - әрқашан жаңа істің бастауы, жаңа жетістіктердің негізі.

Биылғы жылы Қазақмыстың Балқаш өндірістік алаңында Наурыз мерекесіне дайындық қызу үстінде жүрді. Наурыз мейрамы «Балқаштүстімет» ӨБ және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкерлерінің атсалысуымен ұйымдастырылды. Кеншілер мен металлургтер үлкен мерекеге мұқият дайындалғандары бастан-ақ көрініп түрды. Әр кәсіпорын өзінің әкімшілік ғимаратының жанына ақ-шаңқай киіз үйлер тікті. Киіз үйлердің безендірілуі мен дастарқандардың мол болуына Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелері мен өндірістік бірлестіктің үжымдары ат салысты. Шаңырақ астында, қонақтарды қарсы алып, басты тағам – наурызкөжеден дәм татуға шақырды. Наурыз-2023 «Балқаштүстімет» ӨБ және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлері үшін естен кетпес дүбірлі думанға айналды.

Наурыз мерекесі таңертеңнен басталды. Биыл «Балқаштүстімет» ӨБ (Бас директоры С. Бәкіров) Наурызды өзінің еңбек ұжымы арасында алғаш рет өткізді және мерекеге өте тыңғылықты дайдалды. Бағдарлама қызықты және ауқымды болды. Ауарайының қолайсыздығыда мерекені атап өтуге еш кедергі бола алмады. Өндірістік бірлестіктің барлық еңбек ұжымдары қатысқан «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбындағы театрландырылған байқау ерекше де әсерлі болды. Әрбір кәсіпорын «Қыз үзату», «Келін түсіру», «Сырға салу», «Бесікке салу» сияқты салт–дәстүрлерді және халық қолөнері бойынша шеберліктерін дәріптеді. Әсем және түрлі-түсті ұлттық киімдер байқауы да ерекше өтті. Сондай-ақ, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қошқар көтеру сияқты спорт түрлерінен іс-шаралар өткізілді. Металлургтер де өнерлерін паш етуге ұмтылды. Әндер фестиваліне барлық металлургия өндірісінің цехтары мен кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Спорттық іс-шаралар да болды. Мерекелік концерттік бағдарламамен металлургтер мен өндіріс ардагерлерінің алдында қаланың мәдени-сауық орталығының әртістері де өнер көрсетті. Күні бойы әндер, билер, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау бір сәтте тоқтаған жоқ. Екі алаңда да, мереке керемет, ауқымды болды.

Мереке соңында «Қазақтың салт-дәстүрлері» театрландырылған байқауының қорытындысы шығарылды. Онда Балқаш байыту фабрикасы мен «ЭЖМБ» ұжымдары «Қыз үзату» эпизодын тамаша өткізді және оларға бірінші және үшінші орын берілді. «Қож үйіндісі» цехы, «Бесікке салу» дәстүрінің эпизодын көрсетіп, екінші орынға ие болды. «Ұлттық киімдерді көрсету» байқауында бірінші орын «Балқаштүстімет» ӨБ басқармасына, екінші орын – жөндеу-механикалық зауытына, үшінші орын – «ЭЖМБ» ұжымына берілді. Келесі байқауда, мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының ұжымы үздік қолөнершілер деп танылды, екінші орынды аймақтық біріңғай қойма шаруашылығының шеберлері, үшінші орынды Балқаш байыту фабрикасы иеленді. Кеншілер спорттық іс-шараларда да керемет нәтижелер көрсетті.

Арқан тарту бойынша мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының жігіттері епті және мықты болып шықты, бұл спорт түрінде, Балқаш байыту фабрикасының командасы екінші, «Қож үйіндісі» цехы үшінші орын алды. Гір тасын көтеруде бірінші және екінші орын аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығынан Виталий Михайлов пен Руслан Хакимов иеленді, үшінші орын жөндеу-механикалық зауытынан келген мықты Марат Асқаровқа бұйырды. Қол күресінен бірінші және екінші орынды жөндеу-механикалық зауытынан Марат Асқаров пен Қайыржан Мақсатбек, үшінші орынды энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасынан Медет Мадыбеков жеңіп алды.

Ал, Руслан Хакимов болса, қошқар көтеруден алдына жан салмай, жануарды 150 рет көтеріп, рекорд орнатты.

Қол күресінен металлургтер арасында жүлделі орындар былайша бөлінді: бірінші орынды Санжар Саятов (БМЗ КҚЦ), екінші орынды Мейірбек Ниязбеков (БМЗ МБЦ), үшінші орынды Майдан Ерік (БМЗ МЭЦ) иеленді. БМЗ бағалы металдар цехынан Ержан Айтхан қошқарды 250 рет көтеріп, басты жүлде - қошқарды үйіне алып кеткен рекордшы болды. Наурыз Балқаш өндірістік алаңында кең көлемде тойланды және мереке кәсіпорын қызметкерлерінің есінде біраз сақталып қалатындай деңгейде өтті. Табиғаттың оянуы мен өмірдің жаңа кезеңінің бастауы болған биылғы наурыз мейрамы балқаштықтарды даңққа бөледі.
Ләззат Смағұлова








