18 Сәу 2023

Металлургке – құрмет

Балқаш қаласындағы Томпиев көшесінің бойында майталман металлург, қаланың Құрметті азаматы Жолдасбай Оспанов тұрған үйде мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

Image 2

Салтанатты шараға  Жолдасбай Оспановпен бірге еңбек еткен металлургия саласының  ардагерлері, қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкерлері, металлургтің туыстары мен жақындары және журналистер келді.

Image 2

Жолдасбай Оспанов Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Балқаш тау-кен металлургия техникумына оқуға түсті. Еңбек жолын Жолаушылар тасымалы кәсіпорнында бастады. Содан кейін Балқаш мыс балқыту зауытында жұмыс істеді, онда ол мыс балқыту ісінің тәжірибелі шеберлері бірінші балқытуға қатысушы Азамбай Тілеуғабылов, Социалистік Еңбек Ері  Александр Самонов, белгілі металлургтер Борис Манаенков және Анатолий Киммен қатар еңбек ету бақытына ие болды. Олар  Ж.Оспановтың тәлімгері еді. Жолдасбай Оспанов шеберлігімен, қиын өндірістік жағдайларда жылдам бағдарлай білуімен, адамдармен қарым-қатынас жасай білуімен ерекшеленді. Табандылық пен жоғары өнімділік оған қатардағы балқытушыдан металлургия цехының  жүк тиеу бригадиріне дейінгі жолдан өтуге көмектесті. Жолдасбай Оспанов қала құраушы кәсіпорынның қоғамдық өміріне де белсенді қатысты. Үш рет қалалық халық депутаттары Кеңесінің мүшесі болып сайланды. 1979 жылы Балқаш металлургтері оған жоғары сенім білдіріп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Image 2

Бес  жыл бойы Жолдасбай Оспанов халық қалаулысының міндеттерін абыроймен орындап, металлургтердің тегін күшейтілген тамақтануына арнайы мамандарды енгізу, аудандық коэффициентті арттыру сияқты проблемалық мәселелерді жоғары деңгейде шешті.

Егер сіз оның еңбек өмірбаянының беттерін парақтасаңыз, онда Жолдасбай Оспанов  өзінің бүкіл саналы өмірін металлургияға арнағанын білесіз. Оның мыс құю цехындағы үздіксіз жұмыс өтілі 30 жылды құрайды. Оның ерен еңбегі II және III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «КСРО Құрметті металлургы», «ҚазКСР еңбек сіңірген металлургы» белгілерімен марапатталған. 2007 жылы металлургия саласының ардагеріне Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Image 2

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында Балқаш қаласының әкімі Қайрат Қамзин, «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС техникалық директоры Ғұлам Камирдинов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов сөз сөйледі. Металлургия саласының ардагерлері Қамза Тынышбаев пен Қабдрахман Есембеков өз естеліктерімен бөлісті. Қала билігі, «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС басшылығы және ардагерлерден құралған бастамашыл топ атына алғыс білдірді.

Мемориалдық тақтаны ашу құрметіне  Балқаш қаласының әкімі Қайрат Қамзин мен атақты металлург Салкен Жолдасбайұлының үлкен ұлы  ие болды.

Ләззат Смағұлова, Балқаш қ.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық