13 Мау 2023

Мастер-класс

Қарағандыда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту өндірісінің шеберлеріне арналған «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарламасы сәтті басталды. Бағдарламаға Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өңірлерінде орналасқан зауыттарда жұмыс жасайтын 60 адам жұмылдырылды.

Image 2

Шебердің көшбасшы ретіндегі рөлі, белгіленген жоспарды уақытылы орындаудан бастап ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыруға дейінгі, өндірістік және басқару процестерінің барлық кезеңдерінде маңызды. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, «шеберлер мектебі» бағдарламасы жасалған болатын. Сонымен қатар, ол жұмысшы мен шебер арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қамтамасыз етуге арналған, бұл өндірістегі жас басшылар үшін өте маңызды.

Image 2

Бағдарлама алты айға арналған. Бұл уақыт заманауи басшының негізгі функцияларын, дағдылары мен құралдарын теориялық тұрғыдан зерттеуге ғана емес, сонымен қатар өндірісте жаңа әдістерді іс жүзінде қолдануға жеткілікті болуы керек.

Image 2

Бағдарламаның толық курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің оқу нәтижелерін растай отырып, қорытынды сынақтардан өтеді.

Новости по теме

Новости по теме

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!

22 Sep 2023

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жезқазғанда 500-ге жуық науқасты қабылдап, Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне тренинг өткізді