21 Нау 2023

«Мен жастарға сенемін!»

Қазақмыс компаниялар тобының еңбек ұжымдары арасында «Мен жастарға сенемін!» атты Республикалық өндірістік КТА ойыны өтті.

Көңілді және тапқырларға арналған ойын Наурыз мейрамы мен Сәтбаев қаласының 50 жылдық мерекесі аясында өтті.

Ойында Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ұлытау облысының 12 құрама командалары жарқын әзіл мен әртістік өнерін көрсетіп, бақ сынасты.

Қалған қатысушыларға «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелері мен мердігерлік ұйымдарының өкілдері лайықты қарсылас болды.

Г. О. Омаров атындағы шахта трестінің командасы ойынның алғашқы минуттарынан бастап қазылар алқасы мен көрермендердің сүйіктісіне айналды. Тресттің КТА ойыншылары өздерінің Гран-при жеңістер қоржынын толықтыруды дәл осы әзіл-оспақ меркесінен бастады. Бірінші орынды «Kazakhmys Maintenance Services (Қазақмыс Мейнтенанс Сервисиз)» ЖШС командасы иеленсе, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС медицина қызметкерлері «күміс жүлдені» жеңіп алып, ал «Жомарт» кенішінің командасы құрметті үшінші орынды еншіледі.

Қатысушы ұжымдарға кубоктар мен көрермендердің қошеметінен басқа ақшалай сертификаттар да табысталды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық