15 Шіл 2022

Намысты бәрінен биік қойдым

Мыс балқыту өндірісінде жиырма жылдан аса еңбек еткен «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС БМЗ мыс балқыту цехына қарасты конверторлық телімнің №5 технологиялық ауысымының бригадирі Серікжан Тұқабаев осылай дейді.

Image 2

Бригадир Тұқабаевтың  №5 ауысымы  өздерінің  кәсіби мерекесі — Металлургтер күнін  өндірістік көрсеткіштермен қарсы алатынына сенімді.  Ауысымда 20 адам еңбек етуде. Олардың қатарында конверторшылар,  аспалы кран машинистері  мен қосалқы құрылым жұмысшылары еңбек  етеді.  Бұл ауысымдағы  тәжірибелі жұмысшы – Андрей Крылов. Ол 5-ші  дәрежелі  балқыту ісінің маманы . Осы  телімде 1985 жылдан бастап жұмыс жасайды. Үш жыл Кеңес  әскері қатарында қызмет етіп,  кейін  мыс балқыту цехына оралды.

 –  Андрей Леонидович бір цехта 34 жыл  от-жалыны жұтып, қызу еңбектің ортасында еңбек етіп келесіз.  Бұл жауапты міндеттен жалықпадыңыз ба? — деген сұрағыма:

–  Жоқ, әрине! Бұл нағыз еңбек адамы шұғылданатын  жұмыс. Цех  пен ұжымға жан-тәнімен бауыр бастым. Білесіз бе, екі нәрсеге шексіз қарай беруге болады.  Ол –  от пен су! Ал мұнда бізде оттың жалынынан қуат аламыз, –  дейді күлімсіреп кейіпкерім.

 — Біздің ұжымда жарастық, сыйластық үйлесім тапқан,  –  деп әңгімесін жалғай келе,  Андрей Крылов  балқымадағы  төзімі мықты темірді  діттеген жеріне шеберлікпен жөнелтті.  Аңғарғанымдай,  цехтағы жалын мен шу күнделікті  еңбек үдерісінің  бір бөлшегіне айналғандай.

«Бұл темір сынығы  қалыптау  деп аталады және сығылған ауа конвертерлерге түсуі үшін  пішімдерді  тазартады», — деп түсіндірді Андрей Крылов.

Image 2

Мұнымен қоса,  пішімдеу  массасының  сынамасын іріктеу үшін түрлендіргіш айырбастау  үдерісінің  барысын анықтаймыз.

 –  Шын мәнінде біздің бригаданың жұлдызы жарқырап тұр.  Іс жүзінде алты разрядты тәжірибелі әрі әрі сауатты  конверторшылар  біздің ұжымға топтасқан, – дейді  Евгений Швецов. Евгений Петрович – конвертер  телімін ғана емес,  мыс балқыту ісін жетік меңгерген майталман.  Оның  бұл салада  25 жылдық жұмыс өтілі бар.

 Алдымен біз мысты қождан бөліп аламыз, содан кейін күкіртті жағу  үдерісін жүргізіп,  сапалы мыс аламыз. Содан кейін ол цехымыздың анод бөліміне өтеді. Ауысымына 150-200 тонна қара мыс береміз, –  деп ағалы-інілі Болатхан мен Ерхан Тимофеевтер айырбастау үдерісінің  анық-қанығынан хабардар етті.

Сұйық металла балқымасын биіктікте бақылап, оны діттеген жеріне жеткізудің де өз  машақаты бар. Бұл үдерісті аспалы кран машинистері Бораш Кешубаев пен Кентай Тойғанбаев жүргізеді. Оларды  телімде қалжыңдап «аспан патшалар»   деп атайды . Бораш пен Кентай конвертерде 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір олардың жанында жас краншылар — Нұрсұлтан Муталив, Азат Сатимбеков, Жайдин Омар жұмыс жасайды. Лайықты ауысым өсіп келеді.

Мейірхан Мұқашев конвертер  телімінде 16 жыл жұмыс істеп,  тазалаушы да, конверторшы да болып жұмыс жасады. Қазір ауысым шебері қызметін атқарады. Оның жұмысы жауапты. Ауысым шебері әрдайым сергек болуы керек. Ал мыс өндіру  өндірісінде  жұмыс жасайтын  адамдар оны металлургия саласының білгірі ретінде  мойындауы заңдылық.  Ол өндірістегі еңбек қауіпсіздігін үнемі есінде сақтап,  еңбек қауіпсіздігі талаптарына жауап береді.

– Мейірхан,  салада жұмыс істеу қиын ба?

– Жоқ, – деп жауап қатты күлімсіреп .

 Білесіз бе, металлургтің еңбегі қаншалықты ауыр екенін түсіну үшін  оның еңбек үдерісін басынан өткеру керек. Сонда ғана олардың салаға қосқан үлесін бағалай аласыз.  

БМЗ мыс балқыту цехының конверторлық  телімін қосалқы қызметтермен бірге 150-ге жуық адамды құрайды. Күн сайын жұмысшылар  600 тоннаға дейін қара мыс өндіреді. Әр тоннаның артында металлургтердің ауыр және  баға жетпес еңбегі тұр.

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым