30 Нау 2023

Қазақмыс Алматы қаласы шахмат құрамасының ресми демеушісі болды

Балалар мен жасөспірімдер құрамасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында өткен шахмат чемпионатының қорытындысы бойынша құрылды. Құрамаға 8 жастан 18 жасқа дейінгі барлық жас санаттарының жеңімпаздары кірді.

Image 2

Оқу-жаттығу жиындарын сәтті өткізгеннен кейін жас шахматшылар командасы 2023 жылғы классикалық шахматтан ҚР чемпионатында 6 медаль жеңіп алып, тамаша өнер көрсетті.

Image 2

- Смирнов Марк (12 жасқа дейінгі ұлдар арасында)

- Холявко Мария (12 жасқа дейінгі қыздар арасында)

- Қуандықұлы Данис (10 жасқа дейінгі ұлдар арасында)

- Зиядин Малика (12 жасқа дейінгі қыздар арасында)

«алтын» медаль иегері атанса,

- Заркым Айлин (12 жасқа дейінгі қыздар арасында)

«күміс» жүлдегер атанды.  Сондай-ақ

- Асылов Мирас (16 жасқа дейінгі ұлдар арасында) «қола» медалін жеңіп алды.

Image 2

Өскелең ұрпақты қолдау – компанияның әлеуметтік саясатындағы бағыттардың бірі. Біз жас спортшылар мен спорттық жобаларды қолдай отырып, дені сау және гүлденген ұлттың болашағына үлес қосатынымызға сенімдіміз.

«Қазақмыс» корпорациясы Алматы қаласының құрама командасын Үздік нәтижелерімен құттықтайды. Әлем және Азия чемпионаттарында жеңіс тұғырларынан көрінуді тілейді!

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық