26 Нау 2023

«Қазақмыс» Халықаралық «Жер Сағаты» акциясына қатысты

25 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Жезқазған, Балқаш және Қарағанды қалаларында орналасқан «Қазақмыс» компаниялар тобының кәсіпорындары мен кеңселері сыртқы жарықтандырудан тура бір сағатқа ажыратылды. Осылайша, компания жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) өткізетін халықаралық экологиялық акцияны қолдады.

Балқаш пен Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттары, «Балқаштүстімет» және «Қарағандытүстімет» ӨБ, Жезқазған қаласының энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасы, бас жобалау институты, Жезқазған қаласының күрделі құрылыс басқармасы, сондай-ақ Қарағандыдағы бірқатар әкімшілік ғимараттар, Шатыркөл кеніші бір сағатқа жарықсыз қалдырылды. Экологиялық акцияны өткізу компания кәсіпорындарының өндірістік процестеріне әсер еткен жоқ.

«Қазақмыс» әрдайым қазақстандықтардың назарын экологиялық проблемаларға аудара алатын түрлі акцияларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, корпорация өндіріс ошақтары орналасқан қалаларда және өз өндірістерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық