04 Сәу 2023

Ұлытау облысында «ARYSTAN» хоккей мектебі құрылды

Бүгін «Kazakhmys Barlau» Бас директоры Ғалым Нұржанов Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлына «ARYSTAN» хоккей мектебін таныстырды.

Image 2

Мектептің мақсаты – Сәтбаев қаласында балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамыту. Ол мектепте  Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалары үшін хоккейшілерді даярлайды.

«Сарыарқа» ХК шабуылшысы Саян Данияр мен «Барыс» ХК шабуылшысы Никита Михайлис, сондай-ақ «Спартак» ХК шабуылшысы Роман Старченко «ARYSTAN» мектебінің амбассадоры атанды.

Image 2

Айта кетейік, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Валерий Орехов және Иван Степаненко Сәтбаев хоккей мектебінің тәрбиеленушілері, қалған спортшылар қазіргі уақытта ҚР чемпионатының финалында ойнайтындықтан кездесуге келе алмады.

Ғалым Нұржанов пен ҚХЛ хоккейшілері Жезқазған қаласындағы балалар үйіне және Абай атындағы мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды. Ол жақта сыйлықтар табыс етіп, сессияға қолтаңба қойды. Кездесуде естеліксуретке түсті. Балалар үйінен 6 бала «ARYSTAN» хоккей мектебіне толық қамтамасыз етілуге грант алады.

Image 2

«ARYSTAN»  хоккей мектебі 1 мамырдан бастап балаларды даярлауға өтінімдер қабылдайды, ал алғашқы жаттығулар осы жылдың 1 тамызында басталады.

Қазақмыс компаниясы осы жобаны іске асыру үшін 500 млн.теңгеден астам демеушілік көмек көрсетеді.

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық