25 Мам 2022

Қазақстанның төрт өнеркәсіптік алыбы ел ішіндегі құндылықтарды талқылады

Бүгін Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында «Тау-кен металлургия кешенінде елішілік құндылықты дамыту» тақырыбында форум өтті.

Оған ҚР   Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев,  Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының  атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақмыс Холдинг»  ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай, «Eurasian Resourcesgroup» (ERG), «Қазмырыш» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, ҚР өнеркәсіпті дамыту қорының, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, ҚР машина жасаушылар одағының басшылары мен  «Атамекен»  ҰКП өкілдері.

Image 2

Форумға қатысушылар Қарағанды құю-машина жасау зауытының («Қазақмыс» компаниялар тобының құрылымына кіретін «Мэйкер» ЖШС) аумағында ашылған отандық кәсіпорындардың өнімдерінің көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, республиканың өнеркәсіптік алыптарының басшылары зауыт аумағында сібір шыршасының көшеттерін отырғызды.

Форум барысында тау-кен металлургия кешеніндегі елішілік құндылықты дамытудың практикалық аспектілері белсенді талқыланды.

Image 2

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия өнеркәсібін одан әрі дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаратын жаңа өңдеу өндірістерін құру, оның ішінде тау-кен металлургия кешенінің ірі компанияларының айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру міндетін қойған болатын.

Image 2

Мемлекет басшысының бастамасы осы салада кеңінен қолдау тапты. ТМК-нің ірі кәсіпорындары өз кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнес белдеулерін құрып қана қоймай, сонымен қатар,  өндірісі ТМК-де сұранысқа ие нақты тауар топтарын анықтауға дайын екендіктерін білдірді. «Атамекен» ҰКП және әкімдіктер өңірлердегі жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, кредит беру жолдарын анықтау, техникалық жарақтандырылуы жайын сөз етті. Сонымен қоса  осы кәсіпорындардың  кадрлар даярлау, оқыту, қызметкерлердің сапаға сай жұмыс атқару міндеттері талқыланды. Өз кезегінде жеңілдіктер мен преференциялар алатын отандық тауар өндірушілерден  тұтынушылар сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды күтуде.

Image 2

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев, бүгінде барлық сала өкілдерін қарсы алатын ҚҚМЗ зауыты Қазақмыс тау-кен металлургия кешені үшін машина жасау өнімінің негізгі жеткізушісі болып табылатындығын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақмыс импортты алмастыру бағдарламасы аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Жергілікті тауар өндірушілер кластерін құру үшін Қазақмыс бағдарламасы бойынша 17 млрд.теңге тауар айналымымен 65 қатысушыдан тұратын Жезқазған және Балқаш қалаларының кәсіпкерлер қауымдастығы одағы құрылды. Аталған іс-шаралар өңірде 2 782 жұмыс орнын құруға ықпал етті. Бүгінгі таңда»Қазақмыс» компаниялар тобының сатып алуларындағы жергілікті қамту серпіні көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады.

Image 2

Қазақмыста жергілікті кәсіпорындармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар, сондай-ақ,  моноқалаларда жергілікті өндірушілерден сатып алулардың басымдылығы қағидаты әрекет етеді. Қазақмыс жергілікті кәсіпкерлерді қолдаумен қатар өз кәсіпорындарын дамытып келеді.Табысты мысалдардың бірі  –  білдек паркін жаңғыртудан кейін ҚҚМЗ өнімдерінің 12 мың жаңа атауын игеру. Бүгінгі күні зауыт ТМК, энергетика және мұнай кәсіпшілігі саласына, сондай-ақ . темір жол көлігіне арналған өнімдерді өндіреді.

ТМК кәсіпорындары қабылдайтын шаралар жергілікті тауар өндірушілерге тұрақты дамуға және тендерлер нәтижелеріне тәуелді болмауға көмектеседі. Екінші жағынан, ТМК ірі бизнесінің өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі экономиканың бірқатар сабақтас салаларының өсуіне, жеткізушілердің экожүйесін дамытуға, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға  және экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға жәрдемдесетін болады.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз