24 Қыр 2021

Экологиялық акция!

Әлеуметтік жауапкершілік Өңірлерді дамыту

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Балқаш және Жезқазған тұрғындарын экологиялық акцияға шақырады!

Image 2

ҚАШАН: 25 қыркүйек 12:00-де

ҚАЙДА:

- Балқаш қ., Балқаш көлі, қалалық жағажай (бағдар-Медициналық Колледж)

- Жезқазған қ., Кеңгір су қоймасы, «Лагуна» жеке жағажайының сол жағындағы жағалау бөлігі

Балқаш көлі және Кеңгір су қоймасы-Орталық Қазақстан далалары арасындағы оазистер. Бұл көптеген қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындары және жануарлардың бірегей түрлерінің мекендеу ортасы.Егер сіз аймақ үшін өте маңызды су объектілерінің тағдырына бей-жай қарамасаңыз, 25 қыркүйектегі акцияларға қосылыңыз! Алаңсыз демалушылардың жағалауға тастаған қоқыстары қар астында «кетпеуі», көктемде еріген сумен бірге су қоймаларына түспеуі өте маңызды.

АКЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

- қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс;

- фотосессиялар;

- экосубботник;

- ақпараттық қалқандарды орнату.

Ұйымдастырушылар қолғап, қоқыс сөмкелері мен суды ұсынады.

Акция ұйымдастырушысы - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

Акцияны өткізуге Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы, Балқаш қаласының Оқушылар сарайының "One Power" еріктілер клубы, А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің еріктілер командасы, Жезқазған қаласының білім бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы" КМҚК қосылды.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 705 759 99 09 – Ирина Игнатович, Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы

+7 707 809 4365 – Маржан, Балқаш қаласының Оқушылар сарайының "One Power" еріктілер клубы

+7 705 222 0966 – Андрей, Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы

ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ!

Новости по теме

Новости по теме

20 Oct 2021

Мемлекет басшысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің жоспарымен танысты

20 Oct 2021

21-23 қазанда Жезқазғанда "гүлденген аллея" акциясы өтеді

19 Oct 2021

Ғалым Нұржанов: юниорлық компанияларды қолдау керек

18 Oct 2021

Еңбек жолы - Дархан Алмақов, бұрғылаушы, Сәтбаев

15 Oct 2021

Қазақмыс кен-шахта жабдықтарын жаңартуда