27 Там 2021

Құрметті «Қазақмыс» корпорациясының кеншілері мен ардагерлері!

Біз бүгін Ағымдағы қызмет

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Шахтер күнімен құттықтаймын!

Image 2

Кен өндіру саласы республика өнеркәсібінде маңызды позициялардың бірін алады және өндірістік көрсеткіштердің одан әрі өсуі үшін айтарлықтай әлеуетке ие!

Тау-кен ісінің ардагерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Сіздер бүгінгі жетістіктердің негізін қаладыңыздар, саланың үздік дәстүрлерін сақтауға, кеншілердің лайықты буынын тәрбиелеуге үлес қостыңыздар!

Кен-байыту өндірісін одан әрі дамыту, жаңа ғылыми жетістіктерді, басқарудың тиімді әдістерін өндіріске енгізу, сондай-ақ барлық процестерді цифрландыру біздің компаниямыздың тұрақты өсуінің кепілі болатынына сенімдімін.

Компания алдымен кеншілеріміздің қауіпсіздігін және тиісті өндірістік-тұрмыстық еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, олардың лайықты жалақы деңгейіне әрдайым көңіл бөледі.

Осы сәтті пайдалана отырып, «Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің мыңдаған ұжымын Шахтер күнімен құттықтаймын және кен саласының жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек, мықты денсаулық, табыс, ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы

Эдуард Викторович Огай

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда