14 Шіл 2022

Мамандыққа адалдық танытқандар

Металлургтер күні қарсаңында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш және Жезқазған мыс қорыту зауыттарында үздік металлургтерге салтанатты жағдайда құрмет көрсетілді.

Image 2

ЖМЗ-да компания мен қала басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары еңбегі сіңген 33 зауыт жұмысшысына  табыс етілді. Тағы 100-ге жуық зауыт жұмысшылары кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, БМЗ-да үздік металлургтерге құрмет көрсетіліп, олардың есімдері «Еңбек даңқы» галереясының тақтасына жазылды. Үздік 32 қызметкер Галереяның құрмет төрінен орын алды. Өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері, металлургия өндірісі кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі және кәсіби мереке – Металлургтер күнін тойлауға байланысты 170 еңбеккер «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директорының, кәсіподақ және партия ұйымдарының, Қазақмыс жастар қанатының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Image 2

 – Мен үшін металлургтер күні – бұл жылдың ең басты мерекесі. Мен аты аңызға айналған Қалмекеевтердің әулетінен боламын. Біздің әулетіміздің тағдыры металлургиямен байланысты. Әкелеріміз еңбек жолын  Қарсақбайдан бастаған,  – дейді «ЖМЗ   – Флагман»  бағдарламасы аясындағы өзгерістерді қолдағаны үшін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриевтен ерекше алғыс алған балқыту цехының ауысым шебері Ғалым Мұханбеджан.

Бұл күні үздік қызметкерлерге таңдаған мамандықтарына адалдығы үшін  толассыз тілектер мен алғыс сөздер айтылды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым