27 Там 2022

ӨЗ ІСІНІҢ ЗЕРГЕРІ

Бүгін кеншілер мен байытушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында біз газбен кесу мамандығының нағыз зергері Лебедев Николай Ларионович туралы айтып береміз.

Image 2

Николай Лебедев «Балқаштүстімет» ӨБ Балқаш байыту фабрикасының қалдықтарын қоймалау цехында байыту қалдықтарын гидравликалық төсеу жөніндегі бригаданың 5-разрядты газбен кесуші болып еңбек етеді. Ол өзінің еңбек жолын Балұаш мыс балқыту зауытындағы купорос учаскесінде бастады, содан кейін БМЗ бағалы металл цехының құрылысына қатысқан құрылыс-монтаждау басқармасына ауысты. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол қалдықтарды сақтау цехына жіберілді, онда ол осы күнге дейін жұмыс істейді. Николай жұмыс істейтін бригадада 8 адамнан тұрады.

Біздің жауынгерлік бригаданың өндірісте үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Бригадир Ерлан Нұрғалиевтен бастап, барлығы өз мамандығы бойынша жоғары дәрежедегі мамандар. Бұл дәнекерлеушілер, монтажшылар, желілік тексерушілер. Оларды атымен атар болсам, Сергей Марков, Мұрат Керімжанов, ағайынды Антон мен Сергей Лобановтар, Серікбол Шайхылыс, Андрей Балицкий. Бұл жігіттер мықты әрі сенімді. Олармен кез келген қиындықты жеңуге болады

Николай Лебедев

Иә, жігіттер нағыз кәсіпқой мамандар. Олар күн сайын әртүрлі көлемдегі құбырлармен жұмыс істейді, олар 16,5 км үлкен аумақтағы құбырларды байланыстырады.

Николай Лебедев өз ісінің шебері. Газ кескіш құралын меңгеруден бөлек, газбен дәнекерлеудегі шеберлігі бір бөлек. Ол өндірісте 22 жыл жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Николай Лебедев металмен жұмыс істеу бойынша ең тәжірибелі маман болып табылады. Көп жылдық және адал еңбегі үшін біздің кейіпкеріміз бірнеше рет фабрика басшылығының грамоталары мен сыйлықтарымен марапатталды. Ал биыл Николай Лебедев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" салалық марапатымен марапатталды.

Новости по теме

Новости по теме

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!

22 Sep 2023

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жезқазғанда 500-ге жуық науқасты қабылдап, Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне тренинг өткізді