14 Қыр 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда

Біз бүгін Ағымдағы қызмет

Шығыс Қазақстан облысындағы Айдарлы аймағында Kazakhmys Barlau геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Kazakhmys Barlau бас геологы Павел Ниценко SRK Consulting өкілдерімен бірге ондағы жұмыстардың орындалуын бақылап және ағымдағы жұмыс мәселелерін талқылады.

Image 2

Аймақта желіні қалыңдатуға және геологиялық сүйемелдеуге бұрғылау жұмыстары атқарылады. Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 37 мың п.м. бұрғылау жоспарланған. Бүгінгі таңда бұрғылауды 8 бұрғылау қондырғысы жүргізеді.

Мұнда екі дала лагері жұмыс істейді. Сапар барысында геологтар бұрғылау процесіндегі ұңғымалардын өзегін қарап шықты. Айдарлы кен орнын пайдалануға беру талқыланып, келесі жылы компания шарттардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің есебін ұсынуды жоспарлап отыр.

Компанияның бас геологы Павел Ниценко : «Айдарлы кен орны іс жүзінде барлау мен игеру кезеңіне дайындалған, қазір біз егжей-тегжейлі желі бойынша бұрғылаудамыз. Болашақ дамудың жоспарында тау-кен техникалық, технологиялық және экономикалық мәселелері шешілуде.

Сонымен қатар Айдарлы кенішінің айналасы іздестіру тұрғысынан толық зерттелмеген, сондықтан біз қазіргі геофизикалық және геологиялық барлау технологиялары мен кешенді әдістерді пайдалана отырып, бұрынғылардың қолда бар геологиялық материалдары негізінде кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу бағдарламасын әзірледік» - деп атап өтті.

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда