09 Қыр 2021

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАМЫН БҮГІН ОЙЛА

Қызметкерлер

«Қазақмыс» корпорациясы жаңа кеніштерді ске қосу арқылы өндірілетін руда көлемін арттыруға мүмкіндік алды. «Жыланды» кеніші осындай болашағынан зор үміт күттіретін кен орындарының бірі. Салыстырмалы түрде алғанда өте жас кеніш. Биыл «Жыландының» ашылғанына тура 5 жыл.

Image 2

Нұржан Джановтың үңгушілер бригадасы тау-кен саласындағы өлшемдер тұрғысынан алып қарағанда шағын ғана ұжым саналады. Онда: Мұрат Мажиров, Бауыржан Тоқсейітов, Данияр Ережеп, Марат Шахмұратов, Алмас Смағұлов, Қанат Орынбаев, Шыңғыс Майлин, Ерлан Ошыбаев сынды барлығы 9 маман еңбек етеді. Аз болса да қызметтік міндеттерін толық 100 процентке орындап келеді.

— Үңгушілер – басқаларға ұқсамайтын ерек адамдар. Біздің мамандығымыз үлкен жауапкершілікті, темірдей тәртіпті, ең бастысы командада жұмыс істей білуді талап етеді. Үңгушілер теорияда алған білімін іс жүзінде қолдана білуі тиіс. Шахта қазу үшін «жеті өлшеп, бір кесетін" мұқияттылық, асқан сақтық қажет. Кейде болмашыдай көрініп, елеусіз қалған титтей нәрсе тұтас бір кәсіпорынның қызметіне кесірін тигізуі мүмкін, - дейді бригада жетекшісі бізді жұмыс барысымен таныстыра жүріп.

Нұржан өзі Сәтпаев технологиялық колледжін «Бұрғылау қондырғыларының операторы» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін №65 шахтада еңбек етіпті. Содан соң бұрғылаушының көмекшісі болды, 2005 жылы Батыс-Жезқазған кенішіне бұрғылаушы болып ауысыпты. 2017 жылы Жыланды кеніші ашылғаннан кейін болашағы зор жас маманды жаңа кенішке жұмысқа шақырады. Жаңа жұмыс орны да Нұржанды жатырқай қойған жоқ – ұжымдастары өте тату әрі ашық мінезді жандар болып шықты.

— Біз өндірісте екі түрлі бағытқа ерекше мән береміз: ағымдағы жұмыстан бөлек, басшылық өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін және әр жұмыс орнында техника қауіпсіздігі талаптарының бұлжытпай орындалуын талап етеді. Өйткені әрбіріміздің өміріміз осыған байланысты, - деді Нұржан сөз арасында. – Кеніште жұмыс істейтін еңбеккерлердің бәрі де техника қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтайды. Шахтаға түсер алдында әр қызметкерге қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық беріледі. Кеніштегі барлық учаскелерде ілінген ақпараттар өндірістің қауіптілігін есіңе салып отырады. Міне, кәсіби мереке де келіп қалды. Мейрам қарсаңында барша кеншілерді құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік тілеймін! Жұмыста табысты болайық, шахтаның шатыры құламасын!

«Тәні саудың – жаны сау» демекші, бригададағы жұмыскерлер цех аралық спорт жарыстарына белсенді түрде атсалысады. Жігіттердің қай-қайсысы да футбол мен баскетбол ойнағанды ұнатады.

Нұржан әр ауысымнан кейін отбасына асығады. Үйде оны зайыбы Малика Жұмашева, ұлдары Эльдар мен Алашахан күтіп отыр. Бұрын Малика да өндірісте, күйеуімен бірге «Жыланды» кенішінде еңбек етті. Қазір бала тәрбиесімен үйде отыр. Кеншіге осындай сенімді тыл қажет. Сонда ол тауды да қопарады, қамалды да алады, талай жетістіктерге қол жеткізеді.

Бүгінде бұл шахта – бірлігі мығым, біліктілігі жоғары мамандардан құралған ұжымның бір. «Жыланды» кеніші «жас та болса бас болған», болашағынан зор үміт күттіретін кен орны. Осы жолда тер төгетін кеншілерімізге біз де қажымас қайрат, мықты денсаулық, толағай табыс тілеп қайттық.

Светлана ДЕМЕУОВА,

Жезқазған

Фото: автордікі

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда