01 Шіл 2022

Ақ жол, түлектер!

Балқаш қаласының М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжінің орта кәсіптік білім туралы дипломдарын табыстау салтанаты өтті. 200-ден астам түлек диплом иегерлері атанды. Оның ішінде - 35 түлек үздік диплом алды.

Image 2

«Балқаштүстімет» ӨБ кәсіпорындары мен «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС басшылары түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, алған дипломдары оларға лайықты жұмыс табуға көмектесетініне, онда өздерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын көрсете алатынына сенім білдірді. Түлектердің ата-аналары  Алғыс хаттармен марапатталды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС  политехникалық колледжі  компания кәсіпорындары үшін Балқаш өңіріндегі кадрлар ұстаханасына айналды.

2012 жылдан бастап оқу орнын мыңнан астам қыздар мен жігіттер жұмысшы мамандығын бітіріп шықтың. Олардың басым бөлігі аға буын металлургтердің дара жолын жалғастыра отырып, «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етеді.

Image 1

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым