28 Там 2022

Құрметті Қазақмыстың кеншілері мен байытушылары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Кеншілер күнімен және байытушы күнімен құттықтаймыз!

Біздің кеніштеріміз бен фабрикаларымыздың шежірелі тарихы қалыптасты. Қазақмыстың кеншілері мен байытушылары соғысқа дейінгі жылдары мыс өндіріп, байытқан. Бүгінгі таңда олардың дәстүрлері – адал еңбек ету, өзіне және әріптестеріне жоғары талаптар қою және уақытпен бірге алға жылжып, жас ұрпақтарға өз тәжірибелерімен бөлісуді жалғастыруда.

Бұл ержүрек және мықты адамдардың, жауапты мамандар мен өз ісінің шеберлерінің кәсібі. Қауіпсіздік техникасын сақтау және жұмысқа байыпты қарау — бұл әрбір қызметкердің бірінші кезектегі міндеті және өзі үшін ғана емес, өз әріптестері үшін де жауапкершілік.

Қазақмыстың басшылығы бүгінде кеншілер мен байытушылардың еңбегі неғұрлым қауіпсіз және жалақысы жоғары болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Біз тау-кен машиналары паркін жаңартуды жалғастырамыз, байыту фабрикаларын жаңғыртамыз, вахташылардың тұрмысы мен демалысы үшін заманауи жағдайлар жасаймыз, қызметкерлерімізді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып аламыз. Мерекеге біз жақсы көрсеткіштермен келдік. Өткен жылмен салыстырғанда кен өндіру өсті: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақмыстың кеншілері 16 млн тоннадан астам кен өндірді, оның жартысын біздің байыту фабрикалары қайта өңдеді. Бұған жаңа кеніштерді игеру бойынша жобалардың іске қосылуы Сіздердің әрқайсыңыздың лайықты жұмыстарыңыздың ықпал етті.

Қазақмыстың кеншілері мен байытушыларына екпінді еңбегі және белгіленген жоспарларды орындағаны үшін, өз кәсібінің кәсібилігі мен адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз! Біздің кәсіпорындарда одан әрі үйлесімді жұмыс істеу үшін жақсы негіз қалаған ардагерлерімізге құрметіміз ерекше.

Ең шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектерді қабыл алыңыздар! Сіздерге мықты денсаулық, молшылық пен өркендеу, отбасылық амандық тілейміз!

Құрметпен, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС директорлар Кеңесі.

Новости по теме

Новости по теме

23 Sep 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

22 Sep 2022

ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов Қазақмыс жобаларымен танысты

20 Sep 2022

Көңіл айту

20 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

06 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02 Sep 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА