09 Жел 2022

Қаһармандардың салтанатты оралуы

Халықты қолдау Қызметкерлер

Бүгін Екібастұз қаласының ЖЭО және жылу магистральдарындағы апаттардың салдарын жою бойынша екі апталық үздіксіз жұмыстардан кейін «Қазақмыс» компаниялар тобының отын-энергетикалық кешенінің қызметкерлері оралды. Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш және Қарағандыдан келген 20 қызметкер тоңып қалған қала тұрғындары үшін нағыз құтқарушылар мен қаһармандарға айналды.

Image 2

«Қазақмыс» республиканың Екібастұз қаласындағы ТЖ-ға үн қатқан және өзінің үздік қызметкерлерін 150 мың тұрғыны бар қалаға көмекке жіберген алғашқы компаниялардың бірі болды. Жергілікті тұрғындарды суықтан құтқару үшін 20 ОЭК маманы мен 5 арнайы техника жіберілді. Күндіз-түні біздің кәсіпқойлар тобы тұрғын үйлерді жылумен байланыстыру үшін тынбай жұмыс істеді.

Екі аптаның ішінде экстремалды жағдайларда біздің мамандар 19 көппәтерлі үй мен 3 әлеуметтік нысанды: «Үміт» балалар үйін, №24 балабақшаны және №26 орта мектепті жылуға қосып, орасан зор жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, біздің қызметкерлер 480 метр құбырды монтаждап, 1400 метр магистральдық желіні жылытып, жөндеді.

Image 2

-  Жергілікті тұрғындарға ерекше рахмет, өз бастарына түскен қиындыққа қарамастан, олар бізге шай, бәліштер, тамақ әкеіп отырды. Біз толықтай жұмыс істеп, ештеңеге мұқтаж болмасақ та, олар осылайша бізге ризашылықтарын білдірді. Ал біз оларды жылыту үшін біздің пунктке шақырдық. Сондай-ақ, біз автокөлік жүргізушілеріне машиналарды іске қосуға көмектестік, өйткені бізде жаңа жабдық бар. Жанармай құю станциясы немесе дүкен болсын, бізді кезектен тыс кезекке қойды. Бізді барлық жерде жылы қарсы алды, - деп Екібастұзға сапардан кейін «Kazakhmys Distribution (Қазақмыс Дистрибьюшн)» ЖШС жылу энергетикасы кәсіпорнының директоры Әшім Исанов өз әсерімен бөлісті.

Біздің батырларымыздың іс-әрекетінің арқасында 12 бала құтқарылған сәт ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл күні Қазақмыс қызметкерлері тұрғын үйлердің бірін аралап жүріп, бір аптаға жуық суық пәтерде қамалып қалған 12 баланы тауып алған болатын. Үйде ересектер болмаған, сондықтан балаларды ТЖМ және полиция қызметтерімен шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Жасаған ерліктеріне  қарамастан, біздің қызметкерлер өздерін батыр деп санамайды.

Image 2

- Көптеген оң пікірлер, бұл әрине жақсы, бірақ біз батыр емеспіз, адамдарға көмек қажет болды және біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Адамдар бір - біріне көмектесуі керек, әсіресе мұндай қиын жағдайларда, - дейді Әшім Исанов.

Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай режимі 8 желтоқсанда ресми түрде алынып тасталды. Бүгін біздің қаһармандарымыз туған үйлеріне салтанатпен оралды. Екібастұз қаласы тұрғындары мен Әкімшілігінің алғыстары «Қазақмыс» компаниясының персоналы толық оқытылғанын және кез келген штаттан тыс жағдайларға дайын екенін тағы да дәлелдейді.

Біздің мамандарға көрсеткен кәсібилігі, жанқиярлық еңбегі және адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздер-  компаниямыздың мақтанышысыздар!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ