02 Жел 2021

Қарағайлы фабрикасы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді және аймақтың дамуын қолдайды

Өңірлерді дамыту Әлеуметтік жауапкершілік Халықты қолдау

Сонау 1952 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы жерінде барит-полиметалл кен орны негізінде Қарағайлы тау-кен байыту комбинаты (ТБК) құрылды. Пайдалы қазбалардың мол қоры 1954 жылы Қарағайлы кентін құруға мүмкіндік берді, онда жылдан жылға үлкен кеңес елінің бүкіл кеңістігінен тәжірибелі және жас мамандар мекендеді.

Алайда, 1990 жылы КСРО ыдырағаннан кейін ТБК-ның жұмысы тоқтап, халық ауылдан кете бастады. Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы есебінен күделікті тіршіліктерін қамтамасыз ететін жергілікті тұрғындар ғана ауылда қалды.

2003-2006 жылдар Қазақмыс комбинатты өз меншігіне алып, "Құсмұрын", "Ақбастау" және "Абыз" кен орындарынан мыс-мырыш кендерін өңдеуге арналған фабриканы қайта жаңғыртты, осылайша Қарағанды облысының ауданы мен өнеркәсібінің дамуына жаңа өмір сыйлаған осы бір жылдар барлық аудан үшін айтулы болды.

Image 2

Бүгінгі күнге дейін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Қарағандытүстімет" ӨБ филиалының құрамына кіретін Қарағайлы фабрикасы ауданның ең ірі кәсіпорны болып қала береді және Қарағайлы кентінің тұрғындарына ғана емес, Қарқаралы ауданының тұрғындарына да, тіпті ішінара Қарағанды облысының тұрғындарына да фабриканың өзінде, сондай-ақ "Құсмұрын-Ақбастау" және "Абыз"кеніштерінде жұмыс орындарын ұсына отырып, жұмыс береді. Сонымен қатар, кен орнынан фабрикаға дейін кен тасымалдауды жүргізетін бөгде ұйым жұмыскерлері Қарқаралы ауданының елді мекендерінің тұрғындары болып табылады. Өңір тұрғындарына ҚБФ әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Image 2

- Корпорацияда біздің кәсіпорындарымыздың аз қамтылған, көп балалы қызметкерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету саясаты өте дамығанын атап өту қажет. Кентте жеке баспанасы жоқ Қарағайлы фабрикасының қызметкерлеріне бұрынғы "Сосновый бор" шипажайынан бөлмелер мен үй - жайлар бөлінді, бұны біздің корпорация күтіп-баптап қолдайды, - деп хабарлады "Қарағандытүстімет" өндірістік бірлестігінің бас директоры Асқар Күйқабаев. Сонымен қатар, Қазақмыс корпорациясы әлеуметтік бағыттағы компания ретінде бүкіл өңір мен кентке, атап айтқанда, жергілікті мемлекеттік орган - аудан әкімдігі басшылығының өтініші бойынша көмек көрсетеді. Мысалы, Корпорация Қарағайлы кентіндегі аз қамтылған отбасыларға пәтерлер бөлді, мемлекеттік қызметшілерге "Сосновый бор" ғимаратынан бөлмелер берді, кенттік жолдарды тазалауға және күтіп-ұстауға және құбыр желісін жөндеуге арналған техникамен көмектеседі, кенттің әлеуметтік дамуын қолдау үшін басқа да қызметтер көрсетеді.

Image 2

Корпорацияның кен орындарының қорын көп жылдарға өңдеу перспективаларын ескере отырып, компания басшылығы бүкіл Қарқаралы ауданы үшін Қарағайлы фабрикасын дамытудың маңыздылығын түсінеді және оны одан әрі дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап ҚБФ-на теміржол арқылы Ботақара кентінен (бұрынғы Ульяновский) 27 км қашықтықта орналасқан жаңа Хаджиконган кен орнынан мыс кені келе бастайды. Осылайша Қарағайлы байыту фабрикасы қосымша шикізатпен қамтамасыз етіледі.

Image 1

Новости по теме

Новости по теме

11 Jan 2022

Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының еңбек ұжымымен кездесулері бітімгершілік келісіммен аяқталды.

30 Dec 2021

"Кazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)" ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының құттықтауы

30 Dec 2021

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының құттықтауы

30 Dec 2021

Отын-энергетика кешенін басқару директорының құттықтауы

30 Dec 2021

"Maker (Мэйкер)" ЖШС Басқарма төрағасының құттықтауы

30 Dec 2021

Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг) "ЖШС Бас директорының құттықтауы