03 Мау 2022

Мерейтоймен құттықтаймыз!

Біз бүгін

Балқаш мыс балқыту зауытының мысты электролиздеу цехының ұжымы цехтың 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға орай цех ұжымы 13 млн.59 мың тонна дайын өнім шығарды.

Image 2

Қаланың, корпорация мен кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Балқаш қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттармен, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Үздік бригадир», «Үздік шебер», «Өндіріс озаты», «Тәлімгер» және «Жас маман» номинациялары бойынша 37 еңбеккерге Құрмет грамотасы тапсырылды.

Image 2

Өз қамқорлығындағы еңбеккерлерді «КәсіпҚорған» кәсіподағының Балқаш филиалының кәсіподақ комитеті, «Қазақмыс» және «Жастар Болашақ» Жастар одағының төрағалары құттықтап, қоғамдық ұйымдардың өміріне белсенді қатысқаны үшін 27 жұмыскерді Құрмет грамоталарымен марапаттады. «Жастар Болашақ» Жастар одағы атынан «Даңқты жастар» төсбелгісі мысты электролиздеу цехының химиялық қорғау жұмыстары телімінің оқшаулаушысы Владислав Подолякоға табысталды.

Image 1

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз