07 Жел 2022

«Қазақмыс Корпорация» ЖШС сапаны дамыту Департаментінің сапа саласындағы Саясаты мен мақсаты

сапа менеджменті жүйесі

«Қазақмыс» Тобы - негізгі активтері кен өндіру саласы мен түсті металлургияда шоғырланған сатылас ықпалдастырылған холдинг. «Қазақмыс» кәсіпорындары - кеніштер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары - үш өндірістік алаңда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) орналасқан.

Сапаны дамыту Департаменті – сапа менеджменті жүйесін енгізу, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі бизнес-процестерді қолдаудың және табысты дамытудың ең маңызды шарты болып табылатын, өндірілетін өнімнің қолданыстағы стандарттары мен талаптарына сәйкестігі бойынша әдістемені, нормативтік-техникалық құжаттаманы жаңартуды, сапаны бақылау процестерін жақсарту бойынша жаңа жобаларды бастауды қамтамасыз ететін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мақсаты – халықаралық стандарттарға және озық әлемдік тәжірибеге сай қолданыстағы металды есепке алу жүйесін компанияның өндірістік бөлімшелерімен бірлесе жетілдіру.

Басты мәселе – сапаны дамыту Департаментінің бекітілен Стратегиясын жүзеге асыру.

Сапаны дамыту Департаменті қойылған мақсаттарға жету үшін келесі принциптермен нұсқауланады:

1.  басшылықтың жауапкершілігі мен көшбасшылығы;

2.                  сапаны дамыту Департаментінің жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және қамқорлық көрсету;

3.                  сенімге негізделген компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара тиімді қарым-қатынаста жұмыс істеуі;

4.                  сапаны дамыту Департаментінің жұмысын үздіксіз жақсарту процесстеріне жұмыскерлерінің белсенді қатысуы;

5.                  сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық;

6.                  әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес енгізілген жүйелердің қажеттілік, барабарлық тұрғысынан және нәтижелік тұрғысынан тұрақты жақсарту.

Сапаны дамыту Департаментінің басшылығы сапа саласындағы Саясат пен мақсаттың жүзеге асырылуына міндетті және жауапты.

Новости по теме

Новости по теме

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!

22 Sep 2023

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жезқазғанда 500-ге жуық науқасты қабылдап, Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне тренинг өткізді