04 Мау 2022

ЭКОЛОГТАРДЫҢ ЕҢБЕГІ АТАП ӨТІЛДІ

"Kazakhmys Smelting " ЖШС өкілдері кеше Ақтауда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткен "Тұрақты даму үшін жауапты бизнес" халықаралық экологиялық конференциясына қатысты.​

Image 2

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бірқатар қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін "Экология саласының үздігі" төсбелгісін табыс етті. Марапатталғандардың қатарында "Kazakhmys Smelting" ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Айнұр Төлеуова және бөлімнің жетекші маманы Вячеслав Береснев бар.

Image 2

БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған Конференция еліміздің 180-нен астам өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдардың экологтарының басын қосты. Қазақстандық және халықаралық сарапшылар экологиялық реттеу және мониторинг мәселелерін талқылады. Ал, конференцияға қатысушылар өндірістің энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды назарға алды.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз