28 Қаз 2022

2022 жылдың 9 айының қорытындысы

ҚАЗАҚМЫС 2022 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Жұмыс нәтижелері бойынша 2022 жылдың 9 айында "Қазақмыс Холдинг" ЖШС барлығы 23 миллион 583 мың тонна кен өндірді (2021 жылдың 9 айында - 22 миллион 714 мың тонна).

9 айдың қорытындысы бойынша өндірілген кендегі мыстың орташа мөлшері 0,88%-ға жоспарланып, 0,98%-ды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,95%-ды құрады.

2022 жылдың 9 айында "Қазақмыс" байыту фабрикалары 23 миллион 358 мың тонна кен өңдеді (2021 жылдың 9 айында – 23 миллион 419 мың тонна).

189,750 мың тонна концентратта мыс өндірілді, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (185,998 мың тонна) 3,752 мың тоннаға ұлғайды.

2022 жылдың 9 айында өндірілді:

- катодты мыс — 205,631 мың тонна. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде — 166,739 мың тонна (38,892 мың тоннаға ұлғайды);

- құймалардағы алтын – 5635 кг, өткен жылдың сәйкес кезеңінде — 4394 келі, 1241 келіге (+28,2%)ұлғайды;

- құймалар мен түйіршіктердегі күміс-229 314 келі, өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 207 748 келі, 21 566 келі (+10,38%) ұлғайды

Қазақмыс кәсіпорындарында өндіріс белгіленген жоспарларға сәйкес жүргізілуде. Біз басқару процестерін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз. Жақын арада кәсіпорындарды басқару жүйесін оңтайландыру дайындалуда. "Жезқазғантүстімет", "Қарағандытүстімет", "Балқаштүстімет"өндірістік бірлестіктері таратылады. Корпорация құрамында тау-кен байыту кешені құрылуда. Кешеннің бас директоры кеніштер мен фабрикалардың директорларымен тікелей жұмыс істейтін болады. Қазақмыс басшылығы үшін бұрынғысынша басымдық компанияның барлық кәсіпорындарындағы әлеуметтік саясат болып қала береді. Мәселен, 2022 жылғы 10 желтоқсанға дейін республикадағы инфляциялық процестерге байланысты біздің қызметкерлеріміздің жалақысын арттыру мөлшері есептелетін болады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ол көтерілетін болады

Андрей Гайдин, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары 

2022 жылдың IV тоқсанында "Қазақмыс" катод баламасында 78,9 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отыр.

Новости по теме

Новости по теме

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!

22 Sep 2023

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жезқазғанда 500-ге жуық науқасты қабылдап, Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне тренинг өткізді