29 Қаз 2020

Атаулы көмекті алғашқы алушылар

Әлеуметтік жауапкершілік Халықты қолдау

Жиынтық отбасылық табысы компания белгілеген шектен төмен Қазақмыс Тобы кәсіпорындарының 1540 жұмыскеріне атаулы әлеуметтік көмектің алғашқы төлемдері жүргізілді.

Жұмыскерлерге аталған материалдық қолдау компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде тұрақты негізде көрсетілетін болады.

Image 2

«Қазақмыс» Тобы компанияларының аз қамтылған жұмыскерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі» ұйым стандарты қолданысқа енгізілген сәттен бастап жұмыскерлерден шамамен 1700 өтініш келіп түсті, оларды арнайы комиссия жеке тәртіпте қарады.

Қарау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шегере отырып, 92 млн.теңгеден астам сомада 1540 жұмыскерге көмек төлемдерін жүргізу туралы шешім қабылданды.

Image 2

Келесі төлем 2020 жылдың төртінші тоқсаны аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Атаулы көмек пандемиямен байланысты емес және бір реттік акция емес. Бұл компания жұмыскерлерін қолдауға бағытталған және тұрақты негізде жұмыс істейтін әлеуметтік бағдарламаның бөлігі. Кеңес алу үшін және атаулы көмек алуға өтінім беру үшін компанияның персонал қызметіне жүгіну қажет.

Image 2

Бағдарлама туралы барлық ақпарат кәсіпорындардың ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ Қазақмыс компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Атаулы көмекке кім үміттене алатыны, оның қалай есептелетіні және неден құралғаны туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда