06 Жел 2022

«Қазақмыс» «EdCrunch Reload» конференциясына қатысты

«Қазақмыс» өкілі «EdCrunch Reload» білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі ірі халықаралық конференцияның модераторы болды.

Оған сарапшы ретінде «Қазақмыс Холдинг» ЖШС оқытуды дамыту басқармасының басшысы Сергей Митричев қатысып, «оқытудағы үлкен деректер: қызметкерлердің тиімділігін болжау құралдары» панельдік сессиясы шеңберінде оқытуды цифрландыру трендтері туралы айтты.

Image 2

Талқылауға 80-нен астам басшылар және талқылауды онлайн бақылаған 20 000-ға жуық қатысушылар қатысты. Барлық қатысушылар персоналды дамытуда жасанды интеллектті қолдану туралы сұрақтар қоюға және талқылауға мүмкіндік алды, ал ірі компаниялар осы саладағы табысты жобаларымен бөлісті.

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлері мен корпоративтік колледж студенттері үшін электрондық оқытуды дамытуға көп инвестиция салады және «EdCrunch Reload» сияқты халықаралық алаңдардың көмегімен елімізде білім берудің және дағдыларды игерудің жаңа цифрлық технологияларын дамытуды және таратуды қолдайды, осылайша Қазақстанның адами капиталын дамытуға ықпал етеді», - деді «Қазақмыс» компаниялар тобының ұйымдастырушылық даму жәнғ персоналды басқару бөлімінің басшысы Евгений Козак.

Image 2

Конференцияда корпоративтік оқытуды цифрландырудан басқа, оқу орындарының  студенттері мен балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдану, жастарды өздеріне ыңғайлы нысанда, оның ішінде отбасында және қашықтан дамытудың жаңа тәсілдері бойынша мәселелер ауқымы қозғалды.

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС өкілі конференцияға сарапшы ретінде 2022 жылы іске асырылған «осылай жаса» ауқымды жобасының арқасында шақырылды. 15000-нан астам ИТР және компания жұмысшылары өндірістен қол үзбей оқытылды. Қазіргі уақытта жүйеде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ИТР үшін білім базасы ұсынылған, жүйе арқылы қызметкерлерден еңбек жағдайлары туралы сауалнамалар өтеді, кейбір өңірлерде тестілеу ұйымдастырылады, даму жобаларының жаңалықтары үнемі шығып отырады.

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ