25 Там 2022

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛУДЕ

Кеншілер мен байытушылар күніне «Қазақмыс» 27 тамызға дейін созылатын ауқымды мерекелік бағдарлама сыйға тартты.

Image 2

Кәсіби мерекені атап өту қазақстандық танымал әнші Абдулкарим Каримовпен және кәсіби жаттықтырушымен бірге ашық аспан астындағы фитнес-жаттығумен басталуының символдық мәні зор. «Тәні саудың – жаны сау» деген нақылға сай өтіп жатқан бұл іс-шара бір апталық мереке барысында кімге болса да сергектік сыйлары анық.

Мұрат Мұтырғановтың «Шапито» цирк шоуы, алып әуе шары мен картинг ойындары – қала халқының есінде ұзаққа сақталатын оқиғалар. Жастарға арналған RnB және Q-pop ритміндегі концерт те мерекелік апталықтың көркін ашады.

Сәтбаевтықтар мен қала қонақтары ашық аспан астындағы караоке сайыстарға белсенді қатысып, кешкілік қазақстандық эстрада әндеріне сүйсінуде.

Image 2

Осы күндер ішінде сонымен қатар өндірісте қаза болғандарды еске алу, өндіріс озаттарына құрмет көрсету шаралары да үздіксіз өтуде. Кеншілер қаласы есімін иеленген қазақтың біртуар ұлы, академик Қаныш Сәтбаевты ұлықтау шаралары дәстүрге сай өтіп жатыр. 27 тамызда салтанатты жиын академик ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталады.

Қазақ ұлттық ойындарының жанкүйерлері де мереке аясында ұмыт қалған жоқ. 26 тамызда кеншілер мен байытушылар күніне орай «Аламан бәйге» мен «Қыз қуу» өтеді.

Image 2

Сонымен қатар, осы күндері сәтбаевтықтарға композитор Ж. Сейілов өмірінен сыр шертетін «Неге солай?» көркем фильмі көрсетілді. «Қазақмыс» қолдауымен «Даңқ» орденінің иегері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Ж. Үншібаевтің бюсті ашылады. Ал, Жезқазған қаласының тұрғындары «Төртеу түгел болғанда...» тарихи драмасын ашық аспан астында тамашалайды. Сондай-ақ, республикалық мүшайра жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мысты қала төрінде өтеді.

Кәсіби мереке Сәтбаев қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Гала-концертпен қорытындыланады.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

23 Sep 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

22 Sep 2022

ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов Қазақмыс жобаларымен танысты

20 Sep 2022

Көңіл айту

20 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

06 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02 Sep 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА