30 Жел 2021

Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг) "ЖШС Бас директорының құттықтауы

Біз бүгін

Құрметті әріптестер! Өндіріс ардагерлері!

Image 2

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ерекше мерекені барлығы жақсы көреді – жасына және мамандығына қарамастан. Ол әрқайсымызда арман мен үміт тудырады, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Егер компаниямыздың болашағы туралы айтатын болсақ, онда біз қала құраушы кәсіпорындардың мәртебесін мақтанышпен көтеріп, жоғары сапалы өнім шығаруды жалғастырамыз, әрбір жұмысшымыздың, Балқаш және Жезқазған өңірлері тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттырамыз. Осының бәрін сақтап, қауіпсіз болашақ құру үшін 2022 жыл еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жылы деп жарияланды. Біз бұл қадам үшін жауапкершіліктің тереңдігін және атқарылатын орасан зор жұмыстың деңгейін түсінеміз.

Жаңа 2022 жылы барлық еңбек ардагерлеріне – денсаулық, сергектік және қуат, ал "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС-нің  еңбеккерлеріне – табысты және жемісті жұмыс, отбасына амандық, қуаныш пен жақсылық тілеймін. 2022 жыл күнтізбенің бірінші бетін батыл ашып, алдағы жылды бұдан да мазмұнды, белсендірек, қызықтырақ, өмірімізді және бізді қоршаған әлемді жақсартуға ерекше құштарлықпен және ұмтылыспен өмір сүруге деген ынта-ықыласымызға бірлік тілейік!

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты достар!

"Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС

Бас директоры

Нұрахмет Нуриев

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым