30 Жел 2021

Отын-энергетика кешенін басқару директорының құттықтауы

Біз бүгін

Құрметті отын-энергетика кешенінің қызметкерлері, әріптестер!

Image 2

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Энергетика күнімен және Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика саласы ең маңызды және күрделі салалардың бірі болып саналады. Заманауи энергетикалық кешен облыс экономикасын дамытудың, инвестициялық тартымдылықты және азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың кепілі болып табылады. "Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарының, өндірістік компанияларының, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуі, өңірлердегі тұрғындардың жайлы өмір сүруі энергетиктердің күнделікті жұмысына тікелей байланысты екені сөзсіз.

Құрметті энергетиктер! Сіздердің кәсіпке деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында жұмыста жоғары тиімділікке қол жеткізуге деген тұрақты ұмтылыстарыңыз өндірістік міндеттерді сәтті шешуге ықпал етеді. Жылдың кез-келген уақытында, кез-келген ауа-райы жағдайында және төтенше жағдайларда сіздер әр тұрғынның күнделікті өмірінде жайлылықты қамтамасыз ете отырып, үйлесімді және тиімді әрекет етуге дайынсыздар.

Сіздерге Жаңа жылда табыс, зор денсаулық және амандық тілеймін!

Отын-энергетикалық кешенінің

Басқарма директоры

Владимир Джуманбаев

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым