11 Там 2021

Кеңгір су қоймасындағы сенбілік

Әлеуметтік жауапкершілік Экология

Өткен демалыс күндері Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасы аумағында ауқымды сенбілік өтті. Оған қаланың бей-жай емес тұрғындары және "Kazakhmys Holding"ЖШС өндірістік жастары қатысты.

Image 2

Сенбілікті өткізу үшін Кеңгір су қоймасы кездейсоқ таңдалмады-бұл қала тұрғындарының сүйікті отбасылық демалыс орындарының бірі.

Экологиялық акция бірден суға түсу және демалу үшін су қоймасының үш учаскесінде өтті: "Металлург" стадионы ауданындағы жағажай аймақтары, "Кеңгір" профилакториясы және Мәңгілік алаудан Алашахан даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысына дейінгі жағалау.

Сенбілік барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өтті.

"Kazakhmys Holding" ЖШС-нен Кеңгір су қоймасын ауқымды жинауға 250 қызметкер қатысты. Сондай-ақ, компания сенбілікті өткізу үшін 6 бірлік арнайы техника, бір рет қолданылатын маскалар, қолғаптар, қоқыс жинауға арналған қаптар мен бөтелкедегі суды ұсынды.

Аталған акция Кеңгір су қоймасының жағасында санитарлық нормалар мен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қала тұрғындарын Азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталды.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда