24 Там 2021

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ

Еңбек қауіпсіздігі Қызметкерлерді қолдау Ағымдағы қызмет

Қазақмыс холдингінің активтеріндегі қауіпсіз және тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін холдинг оқытудың қамтылуы мен сапасын арттыру, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту жөніндегі жобаны бастайды.

Бірінші кезекте, жоба біздің кәсіпорындарымыздағы жарақаттану мен апаттылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін құзыреттерді қамтиды.

Оның негізгі кезеңдеріне мыналар жатады: жұмысшы мамандықтар мен ӨҚ және ЕҚ саласындағы негізгі жұмыс барысы үшін сыни операцияларды анықтау; осы операциялар мен процестер шеңберінде қажетті білімді, іскерлікті және дағдыларды айқындау; оларды дамыту үшін жоғары тиімді оқыту курстарын әзірлеу.

Жасалған жұмыстар:

15 сыни жұмыс мамандығы және 5 негізгі процесс анықталды.

Тау-кен байыту, мыс балқыту және отын-энергетика кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмыс топтары жұмысшы кәсіптері бойынша құзыреттілік бейіндерін жасады, ықтимал қауіпті операциялар анықталды, тәуекелдерді болдырмау үшін қажетті білім мен дағдылар сипатталды.

ӨҚ және ЕҚ дамыту департаментінің мамандары кәсіпорындардағы сарапшылардың көмегімен тәуекелдерді басқару жүйесі, оқиғаларды ішкі тексеру бойынша стандарттарды өзектендірді, бақылау-алдын алу жұмыстары жалғасуда.

100-ден астам оқыту курстарының тізімі жасалды, олардың басым бөлігін 2021 жылдың соңына дейін әзірлеу және енгізу жоспарлануда.

Алдағы уақытта жасалатын жұмыстар:

Курстарды электрондық платформаларда орындау болжанып отыр, бұл қызметкерлерге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде қашықтықтан білім алуға; үздік практикалар мен білімге қол жеткізуге, оқытушының құзыреттілігі мен көңіл-күйіне қарамастан, оларды біркелкі алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта серіктес компанияларды таңдау, болашақ курстардың дизайны мен сценарийлерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, алғашқы тест нұсқалары өндіріске енгізілді.

Бұдан әрі корпорация ішінде электрондық курстарды әзірлеу бойынша құзыреттілікті дамыту және бекіту және қажетті ақпаратты: құжаттаманы, сурет және бейне материалдарды жинау және шоғырландыру, жұмыс барысының орындаушылармен сұхбат жүргізу, сондай-ақ курсты құру кезінде басқа да көмек үшін қызметкерлерді жергілікті жерлерде тарту көзделеді.

Аса маңызды міндеттер: оқытудың қызықты өтуі, қызметкердің ерекшелігі аудиториямен жақын болуы, түсінікті және, ең бастысы, қойылған мақсаттарға қол жеткізуде оқудың пайдалы болуы тиіс.

Новости по теме

Новости по теме

26 Sep 2021

«Қазақмыстың» алдыңғы шептегі қызметкерлері Atameken Business эфирінде

23 Sep 2021

«ТЕК ҚАНА АЛҒА!»

22 Sep 2021

"Қазақмыс" кеңсе ғимаратындағы өрт туралы ресми хабарлама

16 Sep 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

14 Sep 2021

Айдарлы аймағында жұмыстар жалғасуда