Қызметкерлердің әлеуетін айқындаймыз

«Қазақмыс» корпорациясының табысы біздің әр қызметкеріміздің табысымен байланысты болған, қазір де байланысты және болашақта да солай болады»

Компанияны жоғары білікті персоналмен қамтамасыз ету, озық корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті қолдау «Қазақмыс» Тобы үшін басымды бағыттардың бірі болып табылады.

Ұйымды тиімді басқару үшін оның ішінде барлық жұмыскерлер ортақ мақсатқа жетуге мүдделі болатын жағдай тудыру қажет. Экономиканың көптеген салаларында жұмыскерлерді жаппай қысқарту болып жатқанда Қазақмыс өз қызметкерлерін ұстап қалуға бағытталған бағдарламаларды белсенді ілгерілете отырып, адами капитал – компанияның басты құндылығы деген саясатты ұстанады. Бүгінгі таңда «Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің жалпы саны шамамен 37 мың адамды құрайды.

Мамандарды даярлау

2014 жылы бекітілген персоналды басқару стратегиясын іске асыра отырып, Компанияның құндылығын арттыру үшін Қазақмыс әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында персоналды басқару процестерін жақсартуға көптеген ресурстар инвестициялады.

Сонымен қатар, 2021-2026 жылдарға арналған қалыптасу үстіндегі Персоналды дамыту стратегиясының негізгі факторлары болып табылатын, Қазақмыс компаниясына жоғары білікті мамандарды даярлау және тарту, олардың сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселелері әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Бүгінгі таңда жұмыскерлерді кәсіби оқыту және дамыту қауіпсіз және тиімді өндірістік процесті жүзеге асырудың негізі болып табылады. Оқытудың міндетті түрлері шеңберінде «Қазақмыс» Тобы компанияларының жұмыскерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі мәселелері және регламенттелген оқытудың басқа да түрлері бойынша жыл сайынғы даярлықтан және білімін тексеруден өтеді.

Осы мақсатта Жезқазған және Балқаш өңірлерінде «Қазақмыс» корпоративтік колледждерінің жанында Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары жұмыс істейді, оқыту «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінде (Сәтбаев қ.) 44 және «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде (Балқаш қ.) 30 курс және жұмыс кәсіптерінің атауы бойынша жүргізіледі. Заманауи материалдық базасымен және тәжірибелі оқытушылар құрамымен жабдықталған корпоративтік колледждер дуалды оқыту жүйесін іске асырады, сондай-ақ Компания кәсіпорындарының жұмысшы кадрларға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

Басқарушы кұрамды даярлау

Қазақмыс компаниясында басқарушы жұмыскерлер мен ИТЖ-ның жоғары білікті құрамын даярлау үшін компаниялардың құрылымдық бөлімшелерінде кадрлық резервті қалыптастыру, дамыту және басқару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бос орындар пайда болған жағдайда шешуші лауазымдарға тағайындау бекітілген ағымдағы кадр резервінен бірінші кезектегі тәртіппен жүргізіледі. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кадр резервінде тұрған резервшілер үшін жеке даму жоспарлары әзірленеді, оларды іске асырғаннан кейін жедел кадр резервінің құрамына ауыстыру жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

Компания еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұжымдық шарт пен компанияның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес жұмыскерлердің неғұрлым аз қамтылған санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасынан, көп балалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді бөлуден, жұмыскерлерге қызметтік тұрғын үйді беруден, материалдық және қаржылық қолдаудың басқа шараларынан тұратын жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық шаралардың кең аясын жүзеге асырады.

Басты мақсаттар

«Қазақмыс» Тобының компанияларында еңбек ақы төлеу жүйесі еңбекке әділ сыйақы төлеу, білікті кадрлардың әлеуетін тиімді пайдалануға және оларды Топтың құрылымдық бөлімшелерінде бекітуге, еңбек өнімділігі мен өнім сапасын жоспарлы түрде арттыруға, өндірістік бөлімшелердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жұмыскерлердің еңбегін ұйымдастыру және ынталандыру жүйесін жетілдіруге және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға бағытталған кадрлық саясатты іске асыру қағидаларына негізделген.

Айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген. Мұның өзінде Топтың барлық жұмыскерінің еңбек ақы төлемі ең төмен еңбек ақыдан, сонымен қатар Республикада белгіленген күнкөріс минимумынан асады.

Іске асырылатын бағдарламалар мен жобалардың басты мақсаттарының бірі – Компанияның беделін үнемі жетілдіру және арттыру. Әсіресе, әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар аясында біздің жұмыскерлерімізді қолдау бойынша үлкен жобалар іске асырылуда, бұл Қазақмысқа қатысты жұмыскерлердің ортақ бейілділігіне күмәнсіз ықпал етеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтарында - наурызында «Қазақмыс» Тобы компанияларының қызметі жұмыскерлерінің бейілділік деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілген болатын, оның нәтижелері корпоративтік мәдениетті одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін жасауға мүмкіндік берді.

Осылайша, жүргізілетін жүйелі және көп қырлы жұмыс «Қазақмыс» компаниясына жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді.