
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ЖҮКТЕУ СІЛТЕМЕЛЕРІ
«Қазақмыс» Тобының компанияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен рәсімдерді енгізу мәселелеріне, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын тиімді ішкі корпоративтік жүйенің болуына көп көңіл бөлінеді.
Осы мақсатта компанияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекс бекітілді және қолданысқа енгізілді, ол кәсіби іскерлік этиканың жалпы қағидаттарының жиынтығын және компания қызметкерлерінің серіктестермен, контрагенттермен және басқа да мүдделі тұлғалармен сыртқы өзара қарым-қатынастардағы, сондай-ақ жұмыскерлер арасындағы ішкі өзара қарым-қатынастардағы мінез-құлқының негізгі қағидаларын қамтиды.
Компания бұзушылықтарды уақтылы анықтау тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдердің тиімділігіне бағалауды кезең-кезеңімен жүргізеді.
Осындай бағалау құралдарының бірі «Speak Up» қызметінің заңнаманы бұзушылықтар туралы хабарлау жөніндегі іс-қызметі болып табылады.
Бұл компания жұмыскерлеріне, серіктестерге, контрагенттерге және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы хабарлап қана қоймай, компанияның жергілікті ережелерін қолдануға байланысты мәселелер бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік береді.
Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау тегін «жедел желіге» келесі үш тәсілмен жүргізіледі: 8-800-080-8089 телефоны бойынша, speakup@kazakhmys.kz электрондық мекенжайына, компанияның заңды мекенжайына (100012, Қарағанды қ., Абай к., 12) поштамен.
Компания жұмыскерлерін және үшінші тұлғаларды «Speak Up» қызметінің жұмысы туралы хабардар ету компаниялардың өндірістік бөлімшелерінің аумағында постерлер орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі байланыс ақпаратын орналастыру арқылы жүргізіледі.
Компанияда контрагенттермен өзара әрекеттесуге және контрагенттердің «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін қабылдауына көп көңіл бөлінеді.
Бұл іс-қызмет контрагенттерді парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың сақталуына алдын ала тексеру бағдарламасының, Контрагенттерді тексеру туралы регламенттің, шарт жобаларының, анықталған қатерді тіркеу тәртібінің және оған жол беру деңгейінің, сондай-ақ «Қазақмыс» компаниялар Тобының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартатын Контрагенттерді келісу регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2021 жылы контрагенттердің 46 (12) шартқа қатысты Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын орындаудан бас тартуы туралы 36 (12) өтініші қарау үшін келіп түсті.
Бұл ретте сауалнаманы толтырудан 24 (6) контрагент, шарт мәтініне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізуден 4 (2) контрагент, Сауалнаманы толтырудан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізуден 8 (4) контрагент бас тартты.
«Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартқан 28 (8) контрагент бойынша 11.12.2018 жылғы №Х-260-пр бұйрықпен бекітілген «Қазақмыс» Тобы компанияларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартқан контрагенттерді келісу регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 6.5.1 және 6.5.3-тармақтары негізінде «Қазақмыс» Тобы компанияларының тиісті іс-қызметін қамтамасыз ету үшін біржолғы тәртіпте келісім берілді.
5 (4) контрагент олармен тұрақты түрде өзара әрекеттесу үшін «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартқан контрагенттер тіркеліміне енгізілді. Санаттар бойынша аталған контрагенттер келесі түрде көрсетілген: табиғи монополиялар субъектілері - 1 (0), жарғылық капиталда мемлекеттің қасытуымен мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар – 4 (4).
2 (0) контрагентке қатысты Регламенттің 5.1.3-тармағы негізінде бұрын берілген келісу туралы жауап берілді.
1 (0) өтініш контрагент тарапынан ескертулерді жоюға және барлық қажетті мәліметті көрсету арқылы Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманы сақтау бойынша сауалнаманы ұсынуға байланысты қараусыз қалдырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды орындаудан бас тартқан контрагенттерді келісу
«Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында енгізіліп жатқан саясаттар мен рәсімдер туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге ерекше назар аударылады.
Есептік кезеңде жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекспен танысқан жұмыскерлердің жалпы саны 2981 (2577) адамды құрады.
Еңбек шарттарына, оның ішінде осындай келісімдерді жасау атқаратын лауазымына сәйкес міндетті сипатқа ие болатын жаңадан қабылданған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарына 509 (576) қосымша келісім жасалды.
Мүдделер қақтығысын басқару бойынша іс-қызметке ерекше рөл беріледі. Мүдделер қақтығысын басқару регламентін іске асыру шеңберінде мүдделер қақтығысын ашудың дұрыстығы мен толықтығына және оларды реттеу сапасына талдау жүргізіледі.
Жаңадан қабылданғанмен қоса «Қазақмыс» Тобы компанияларының 314 (973) жұмыскері «Әлеуетті ықтимал, туындаған мүдделер қақтығыстары туралы ақпаратты ашу» А және Б нысанындағы Сауалнама ұсынды. Сауалнама толтыру кезінде 10 (47) мүдделер қақтығысы анықталып, реттелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйенің маңызды элементтерінің бірі персоналды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жергілікті актілердің негізгі талаптарына оқыту болып табылады.
«Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтама әрекет етеді.
Бағдарламалық өнім жұмыскерлердің дербес компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан, бұл дербес компьютері және тұрақты негізде корпоративтік желіні пайдаланушының есептік жазбасы бар жұмыскерлердің барлығының оған қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуге жұмыскерлерге жалпыға міндетті тестілеуді жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімінен өту тәртібі туралы ереженің талаптарын орындау үшін жаңадан қабылданған қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуіне электрондық тестілеуден өтуі қамтамасыз етіледі.
Есептік кезеңде электрондық тестілеуден жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда 346 (385) жұмыскер өтті.
Компанияда тұрақты негізде жобалардың, шарттардың (келісімдердің) және жергілікті актілердің оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге қайшы келетін нормалардың болуы мәніне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіледі, бұл көрсетілген саладағы тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.