Өндірістік қауіпсіздік және Еңбек қорғау

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын

Қайғылы  жағдай  санын 0-ге  жеткізу үшін қауіпсіздік  шараларын  бұлжытпай  орындау  қажетү

Өліммен аяқталған  қайғылы  оқиға  санын  0-ге  жеткізу, жарақт  алуды  азайту, кәсіби сырқатпен  ауыратындар  санын  азайтып,  бұл көрсеткіштен  әлемдегі  озық компаниялар санатына  жету- Қазақмыс компаниясының  басты  мақсаттарының бірі. 

 

 Бұл  мақсатқа  алдағы  2017-жылдары  кәсіпорынның  барлық  салаларында, өндірістік   және еңбек қауіпсіздігін толық  сақтауға  жету  үшін   тұрақты  жұмыс атқаратын  басқару  жүйесін  құру  (ӨҚ және ЕҚ)    және  жұмыскерлерді  қауіпсіздік  шараларын  сақтауға  тәрбиелеу арқылы  жету көзделуде. Ал, бұл  үшін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  ӨҚ және ЕҚсаласындағы  стратегиялық шараларын  сақтау керек.

 Биылғы  жылы  осы  стратегиялық  жоспардың алғашқы  үш жылдық кезеңі  аяқталады. Бұл кезең  ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық,еңбек, ақпараттық  және  басқа  да  ресурстардың  топтасып бірігуін,  қайғылы  оқиғалар  мен  апаттардың алдын-алуға, ауыр  жарақат  алатын  бірінші  және  екінші  дәрежелі  жарақаттар  санын  азайтуды көздейтін  іс-шаралар мен  бағдарламаларды  қарастырды.

   Орындалуына  2016 - 2017 жылдар   белгіленген екінші  кезең болса,  ауыр  жарақат  пен өлім жағдайына  жеткізетін, сол  сияқты  үшінші  дәрежелі  оқиғаларды  болдырмау үшін қол  жеткен жетістіктерді  қолдап,  жоспарланған  шаралар  мен  бағдарламаларды  бекітуге  арналған. Ал, стратегиялық  жоспар   негізінен  алты  қағиданы  ұстанады.

 

 Жауапкершілік  қағидасы – корпорацияның  ең  үлкен  байлығы жалпы  мақсатқа  жету  жолында  жұмылдырылыған адамдар. Олардың  өмірі  мен  денсаулығы – компания  басымды жауапкершілігінде, әрі  еңбек  өнімділігінің  маңызды  құрамы.

 

 

   Адам  өліміне  соқтыратын апатты  жағдайларды  болдырмау деңгейін «нөлге» жеткізу қағидасы үшін, өндіріпен  байланысты осындай  оқиғаларды  болдырмауға  барлық  күш-жігерді,  жұмсауды   қажет етеді.

 

  Асқан  белсенділік  қағидасы –  корпорацияның  адам  өмірі  мен  денсаулығына зиян келтіретін  барлық оқиғалардың  алдын-алу  мен  алдын-ала  ескертуге мүдделі екендігін айтады.

 

 Корпорация  басшылығы   қамқоршылық қағидасын басшылыққа  ала  отырып, кәсіби сырқатпен  ауыратын, компания  өндірісінде  әртүрлі  жарақат  алған  немесе   жапа  шеккендерді ұмытпай,  үнемі  көмек  қолын  созуда.

 

 Бірлік  қағидасы – әрбір  жұмыскердің  өзінің   және  әріптестерінің өмірі  мен  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарау  мәдениетін  қалыптастыруға , қауіпсіздікті  сақтауға, бір-біріне  қамқор  болуды  ұсынады. Ашықтық  қағидасы –ӨҚ және ЕҚ  саласында ұсынылған  ақпараттардың  еңбек  ұжымына  да, қоғамға да ашықтығы  мен  қол  жетімділігін қамтамасыз етеді.

 

 Стратегияны  жүзеге  асырудың  екінші  кезеңінде  жеткен  жетістіктерді  жан-жақты  талдап,саралап,  стратегияның  әр  бағытының  жаңа  нұсқауларын  анықтап, сол  сияқты  іске  асырудың  нақты  іс-шараларын  белгілеу  қаралған.Өндірістік  қауіпсіздік  п ен Еңбек  қорғау шараларын  басқару жүйесін  ,  нормативтік актілерді  сақтау, ӨҚ және ЕҚ жұмысын  жүргізу үшін  кешенді  және  жүйелі  қатынас  орнату.  қажетті  әдістер  мен  технологияларды  жетілдіру    жұмыстары  жалғасаын  табады.

 

Барлық  кәсіпорындарда  жұмыс  орындарын  стандарттау    мен  жұмыскерлерді  сертификаттау,  қауіпсіздікті  азайту  мен  қатерге  ұрынбауды  басқару, барлық  энергия  көздерін  оқшаулау, оқиғаларды  зерттеп,  зерделеу  және   өзін-өзі  дұрыс  ұстауға  үйрету  жұмыстары толығымен  аяқталуға  тиісті.  

 Өндіріс  алаңдарында, алдымен жер асты  кеніштерінде ,  қауіпті  жағдай  орын  алған  сәтте  хабарлайтын  жүйе, сенімді  жедел  байланыс жүйесі, өз  бетімен  жүретін  техникалардың  бір-бірімен  қақтығысып,  немесе  адамға  соғуын болдырмау  және  бақылау  қызметін  құрып, әрі  қолдау  көрсетуге  басты  көңіл  бөлінуде.

 

   Барлық  тиісті  бөлімдер  қажетті  нормативтік  актілермен, жөндеу  және  жұмысқа  қосу  құжаттарымен, апат  көздерін жою  жоспарымен, тағы  да  басқа  тиісті  құжаттардың  электронды  және  қағаз  түріндегі   нұқаларымен(  мемлекеттік  тілдегі  аудармасымен  бірге)  қамтамасыз  етіледі.

   Жаңадан  ашылған  оқу-әдістемелік  орталықтарының  жұмысын  жақсарту , кәсіпорынның  талаптары мен  міндеттерінің  үдесінен  шығу  мақсатында  оқу  бағдарламасының  тепе-теңдігін сақтау  мақсатында оқу жүйесін   әрі  қарай  дамыту  қарастырылуда. Қазақстан  Республикасы  заңдарының  талаптарына  сәйкес ӨҚ және ЕҚ   талаптарына  сай  оқыту  мен   білім  деңгейін тексеруді  толығымен  қамтамасыз  ету.

 

   Өндірістің   салаларында оқыс  оқиғаларды  болдырмау  мақсатында тиісті  жұмыскерлер  мен  мамандарды тұрақты , әрі  жоспарлы  түрде  оқу  және  тәжірибе жаттығуларын  ұйымдастыруды  қамтамасыз ету.

 

  Корпоративтік  мәдениетке қауіпсіздік  мәдениетінің  нұсқаларын енгізу қажеттілігі аталды –  ӨҚ және ЕҚ  жұмысын  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жоғарылату үшін,  төменгі  және  орта  буын  топтардың    менеджерлерінің  сапалы әрі  тәжірибелі  жұмысын  қалыптастыру-  корпоративтік  мәдениетке қауіпсіздік  мәдениетінің  нұсқаларын енгізу қажеттілігі аталып  өтті.

   

Корпорация  мен  қоғамның, яғни жұмыс  беруші  мен  жұмысшының  арасындағы қызығушылықтың   ең  жоғарғы  тепе-теңдігіне  қол  жеткізу  үшін, ӨҚ және ЕҚ қамтамасыз  етіп  отырған  қызметкерлердің  дәлелінің  қалыптасқан  жүйесін жалғастыру.

 Көпшілік  жұмыскерлерге жанындағы  жолдастарының  өмірі  мен  денсаулығына  деген  жауапкершілікті, қауіпсіз еңбек  мәдениетін, корпоративтік  мәдениетті  сезінуді бойларында қалыптастыру  өте  қажет, кезек  күттірмес  мәселе.

 

ӨҚ және ЕҚ  жұмысының  барлық  бағыттарындағы   қызмет  түрлеріне   ақпараттық  қолдау  көрсету  мен коммуникациялық  жүйені қажетті  деңгейде  құрып,  даярлау  мен   қамтамасыз  ету  жұмыстары  аяқталады.

 

 Сонымен  қатар,  он жылдан артық  уақыттан  бергі өндірістік  жарақат алғандар  мен кәсіби  сырқатпен  ауырған  жандарды  бір  регистрға (тізімге)  жинақтау жұмысы  жоспарлануда. Сол  тізімнің  негізінде оқыс  оқиғаларға  жол  беру  жағдайлары  кеңінен  сарапталып,   барабарлық  көзқарас  жоспары  жасалынды.

 Нысандар  мен  өндіріс  құралдарына, машиналар  мен  механизмдерге, техникалық  құралдарға қажетті  сынақтардан  өткізіп, техникалық  куәлік  беретін  заманауи  зертханалар кәсіпорынның  әрбір  өндіріс  ошақтарында  құрылады.

 

 Жөндеу  қажет  ететін нысандар  мен  құрылыстарды   орта деңгейдегі  жоспарға сай  анықтап, қажетті  қаражат  қоры  мен  материалдық – техникалық  жабдықтарды    тауып, тез  арада  кезекті  немесе  күрделі  жөндеуден  өткізу  жұмыстарын  жүргізу керек.                                                                                            

 

  Сонымен  қатар   корпорацияның  кәсіподақ  ұйымымен  тығыз  байланыста  жұмыс  жүргізу  жоспарда  бар.  Ұжымдық  келісімге біріге  отырып  қажет  болған  жағдайда, ӨҚ және ЕҚ  жұмыстарында  белсенділігімен,жетекшілік жасаған  жұмыскерлерге   қосымша материалдық  қолдау көрсету  үшін,  үнемі  өзгерістер мен  толықтырулар  енгізіп  отыру,ұсынылды.

 Стратегияны  жүзеге  асыру  кезінде, атқарылған  жұмыстың  нәтижелілігіне  әсер  ететін  индикаторларды үнемі  есте  ұстап,  назардан  тыс қалдырмау  қажет.   Олар, қаіпсіздікті  сақтау  ережелерін  оқытатын  оқулар  мен  сынақтардан  өткен, атестаттаудан  өтіп, сертификат  алған  , сонымен  қатар  алғашқы  көмек  көрсете  алатын санаулы  жұмыскерлер  тобы;  қауіпті ( қатерлі)  жерлерде  жұмыс атқаратындардың  санаттарын (разрядтарын) көтеру және  бұл  жұмысқа  тәжірибелі, өзгеге  үйрете  алатын жұмыскерлерді  көптеп  жұмылдыру.

  Сол сияқты « дабыл  қоңырауының »  қызметін,құралдардың  технологиялық  ақауларын, нысандар  мен  құрылыстардың  жағдайын, жұмыскерлердің  көпшілік  және  жеке  басына қажетті қорғаныш  құралдар  мен  заттармен  толық  қамтылуын, жер асты  кенішіндегі  паналау  орындарының  барлығын, « өрт  қауіпсіздігі  индексі»  ,« электр  қауіпсіздігі  индексі» және  өндірісте  болуға  тиісті  өзге  де  индекстердің  болуын  және  жалпы  жағдайды  хабарлап  отыру  да  атқара  алады.

  ӨҚ және ЕҚ  анықтаған  заң  бұзушылықтың санын, сол  сұрақ  бойынша  берілген ескертулердің және  оның  орындалу  деңгейін  үнемі  қадағалап  отыру  қажет. Бұл  үшін, арнаулы  және  қосымша   мекемелерде  атқарылып  жатқан  жұмыстардың,  жұмыскерлердің  денсаулық  жағдайының, жыл  сайын  дәрігерлік  тексерістен  өткен  жұмыскерлер  арасындағы  ауыру-сырқаудың  статистикалық  есебінің, жұмыскерлермен  кері  байланыстың  болуының, анонимді  немесе  ашық  сауалнамалардың  жүргізілуінің алар  орындары  ерекше.

 Стратегиялық  жоспар   жүзеге  асырылғандағы жетуге  тиісті  қорытынды  нәтиже: «Қазақмыс»  бойынша ӨҚ және ЕҚ басқару  қызметі  интеграцияланған, халықаралық  стандарттарға  сай, еңбек  қауіпсіздігін  сақтауда жаңа  әдістерге сүйенген  корпоративті  мәдениетті  қалыптастыра білген,нәтижелі  жұмыс  жүргізе  алатын  құрылым  болуы тиіс.

 Өндірістік  қауіпсіздікті  сақтауда  туындаған  мәселелерді  шешуге  кешенді  әрі  жүйелі түрде қарастыруды ; өндірістік  салалардың  ынтымақтастықта   жұмыс  атқаруын  жүзеге  асыра  отырып,  жұмыскерлердің  еңбек  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтау,техникалық,  қаржылық, ақпараттық  ресурстарды  дұрыс  пайдалануды  қалыптастыру;  осы  саладағы  барлық деңгейдегі  қызығушы  тараптардың: басшылардың, мамандардың, жұмыскерлердің белсенділіктіліктерін  арттыру.

  Жоғары  нәтижелі  жұмысты  ұйымдастыру  үшін, ӨҚ және ЕҚ  жұмысына да  жоғары  басшылық  тарапынан стандартты  жұмыстар  енгізілуі керек.

  ӨҚ және ЕҚ жұмысында  жақсы  нәтижелерге  жету  үшін барлық  жұмыскерлерде өз  жұмысына  , қауіпсіздік  шараларын  сақтауға,осы  саладағы  талаптар  межесіне  шығуға деген  жауапкершілік  көзқарас  пен  ұқыптылықты тәрбиелей  отырып, кәсіби  сырқат  пен  жарақаттануды  азайтуға  қол  жеткізу  керек.

 2018  жылдың  басына аталған  стратегиялық жоспар  ережелерін сақтай  отырып  , қайғылы  жағдаймен  аяқталатын жарақаттануды болдырмауды  100%- ға , ал  жалпы  жарақаттануды 2012  жылмен  салыстырғанда 80%. азайту  үшін  жұмыс атқару  міндеттеліп  отыр.

     Стратегиялық  жоспарды  ойдағыдай  орындасақ, жұмыскерлердің өмір  қауіпсіздігін сақтау  мәдениеті  анағұрлым  жоғарылап, ӨҚ және ЕҚ жұмысын ұйымдастыру  мен  басқаруды  заманауи деңгейге көтеріледі, кәсіби  сырқаттар  мен  өндірістік  жарақаттар  алу  саны  күрт  төмендейді,әрбір  өндіріс  ошақтарындағы  әлеуметтік  және экономикалық ахуал  жақсарады, Қазақмыстың  жетістіктері  мен  келбеті өте  жоғары  деігейге  көтеріледі.

 

Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.