Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
18 Қараша 2015 Жасыл десант

Жезқазғанды  Қазақмыс  көгалдандыруда.

 

Қазақмыстың  ұсынуымен  биылғы  жылы Жезқазғанның  жасыл  белдігі 5000 ағашқа  көбейді. Корпорацияның  бұл  жобасы биылғы  жылдың көктемінде  көшет  отырғызудан  басталды, алдағы  5 жыл  бойы  жалғасын  табатын  жұмыс  деп  есептелінуде. 

Осы  жылдың  сәуір  айынан бастап «Қазақмыс»  компаниясы  Кеңгір  су  қоймасы  жағалауына тоғай  отырғыза  бастады. Жағалаудың  98 гектар  аумағы  тазартылып, оншақты  машина   қоқыс  пен қураған  ағаш  шығарылды. Жас көшеттерді  отырғызу мен оны  өсіру  жұмыстарымен  Солтүстік  Жезқазған  кенішінің айлық  жалақылары  сақтала  отырып,  жұмысынан  босатылған жұмыскерлері  менШығыс  Жезқазған  және Оңтүстік  Жезқазған  кеніштерінің  жеңіл  жұмысқа  ауыстырылған  жұмыскерлері  айналысуда.15 сәуір  мен  30 қыркүйек  аралығында  екі мыңдай  қарағаш  пен күміс  шашақты  емен  отырғызылды. Жұмыскерлер  жаз  бойы  көшеттерді суару, өңдеу,  түптеу, зиянкестерден  тазарту, кесу  жұмыстарын  атқарды.

Бұл  жұмыстарды  атқару  үшін  Қазақмыс  кәсіпорындарында суару   ыдыстары  даярланып, шланга  мен  насостар  сатып  алынды. Қазан  айындаекінші  дүркін  көшет  отырғызу  жүргізіліп, 2600  түп  ильма, қарағаш, үйеңкі  мен  терек  отырғызылды. .

 

-Кеңгір  су  қоймасы   маңын  абаттандыру  жоспары  5 жылға  жоспарланған,-деді  Солтүстік  Жезқазған кенішініңқызметкерлердің  еңбекақысын   төлеу мекемесінің  инженері Сырым Датов,-кеңестік  заманнан  қалған  жасыл  алаңның  80 пайызының  қуаңшылық салдарынан  күйрегенін  есепке  ала  отырып,114 га алқапқа 48 мың көшетті  бірнеше  кезеңге  бөле  отырып,  отырғызу   жоспарланған.

 

 Жер  тастақ  болғандықтан,  негізінен  қарағаш  қана  өсімтал. Алғашқы  кезеңде  отырғызылған 2211 көшеттің  1890- тамырланып, көктеді.Кешігіп  тамырланса  да  үйеңкі  де  өседі  деп  күтудеміз.Ал, тамырланбағандарын жаңа  көшеттермен ауыстырамыз.Қыс айларында  ағаштардың  діндерінің  саулығы  үшін  кепкен  бұтақтарды  кесу  жұмыстарын  жүргіземіз.

 

 Ал,көктемде  Жезқазғанның  көгілдір  жауһарына  айналған  су  қоймасын жасыл  желекке  бөлеу  жұмыстары  жалғастырылады. Өзі  өндірісті,жасыл  желегі аз,   шөлейт аймаққа   бұндай жобаның  берері  өте  көп, әрі  бағалы.  «Қазақмыс» корпорациясының  бастауымен нақтылай  айтқанда  шөл  далада, жыл  сайын көркейіп, көлемі  ұлғая  беретін тамаша  жасыл  бақ  пайда  болды

Вернуться к списку новостей (kaz)
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.