Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын саналатын
20 Қараша 2015 Озаттардың озаты

Нұрқазған  байыту  фабрикасы  соңғы   сегіз  жылда  бірінші  рет  жоспарды  мерзімінен  бұрын, межелі  18323 тоннаның  орнына, іс  жүзінде 18369 тонна  таза   мыс концентратын  өндірді. Корпорацияның  жаңа өндіріс  ошағының  бірі-Нұрқазған  мыс фабрикасында ,фабрика  жұмыссын  бастағаннан бері  бұндай  жетістіктер, рекордтар болған емес.

 

Барлық  мәселе-ұжымның  бірлігінде, алдына  бір мақсат -  қауіпсіз  әрі  нәтижелі  жұмыс атқаруларында-дейді  НБФ-ның  директоры Мұрат Бөрібаев.2015  жыл  біз  үшін  атаулы  жыл  болды. Жылдық  жоспар  межесіне  жетуге  барлық күш  жігерімізбен  жұмыла  отырып, мыстан  қажетті  мыс концентратын  алуды жүзеге  асырып, жоспарды  орындадық. Компанияның  байырғы   нысандарына  қарағанда, әлдеқайда  жас  біздің  өндіріс  үшін , бұл  үлкен  жетістік. 

Біз  өзіміздің  жұмыскерлеріміздің  еңбекке  деген  ынтасының, кәсіби  шеберліктерінің  артқанын  сездік, сонымен  қатар алдымызға  қойылған  өндірістік  міндеттерді уақытылы  тұрақты  түрде  шешіп, орындаудамыз – деді  фабрика  директоры  Мұрат Бөрібаев.

 

  • Жоспардың  орындалуына  ұжымның  жұмыла, беріле  жұмыс атқаруынан  басқа  не әсер етті?
  • Біз  өндіріс  құралдарының ұзақ  уақытқа  жөндеуге  тұрмауын  және ауыр апатсыз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз еттік. Кейде  аздаған  тоқырау  болған кезде, жөндеу  қызметі  жұмыскерлері  жедел  түрде  жұмылдырылып, жөндеп  отырды.
  • Сіз  қауіпсіз  жұмыс  ұйымдастыру – фабриканың  алдындағы ең  маңызды міндеттердің  бірі дедіңіз. 2015 жылдың  аяғына  бұл бағытта  қандай  қорытындылармен  жеттіңіздер?
  •  Компанияның  өзге  де  өндіріс  ошақтары  сияқты, компания  қабылдаған 2012-2017  жылдарға  жоспарланаған корпоративтік  стандарттар  және  қауіпсіздік  стратегиясы  бойынша жұмыс  жүргіземіз. Өндірістің  негізі – адам  құндылығы  деп есептеймін.

 

Әркімнің  өзінің  жеке  басының  қауіпсіздігін  сақтауы, ұжымдық  жауапкершілік және  компания  тарапынан  да,  жұмысшылар  тарапынан  да  қауіпсіз  еңбекті  ұйымдастыра  білуі – осның  бәрі қауіпсіздік  мәдениетін  құрудың  бір-бір  бөлшегі. Биылғы  жылы  бізде  қайғылы  оқиғалы  апаттар  болған  жоқ. Бұл, әрине  жақсы  нәтиже. Бізде  әлі  де  атқаратын  жұмыстар  жеткілікті. 

 

Мен Нұрқазған  байыту фабрикасының  ұжымын еселі  еңбектері , өз мамандықтарын  шексіз  сүйгендіктері және  мол түсініктері  үшін алғыс  айтқым келеді.  Алдағы  жылы  да  қарағандылық байытушылар  осы  екпінмен  жұмыс  атқарып, межеден  шығуға мүдделі, алдағы  2016 жылдың өндірістік  рекорд жылы  болуы  да  мүмкін.

 

                                                                                              Алина Жұмашева,  Қарағанды

Вернуться к списку новостей (kaz)
Сатпаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезказган
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Караганда
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балхаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Усть-Каменогорск
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.