Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
28 Мамыр 2021 Компанияның маңызды активі - оның жұмыскерлері

Ағымдағы жылдың 14 мамырында «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС Отын-энергетика кешенін басқару бойынша директоры Владимир Джуманбаевтың «Kazakhmys Coal (Казахмыс Коал)» ЖШС  «Молодежный» кенішінің еңбек ұжымының өкілдерімен кездесуі өтті, онда Серіктестіктің 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңдегі қызметі туралы және кәсіпорынның одан әрі даму жоспарлары туралы есеп ұсынылды. 

 

 

Кездесу барысында В.В. Джуманбаев Серіктестік жұмыскерлерін есептік кезеңде өндірістік үдерістер мен әлеуметтік саланы жақсарту үшін істелген жұмыстар жайлы хабардар етті. Серіктестіктің миссиясы туралы айта отырып, Холдинг ОЭК басшысы жұмыскерлердің денсаулығын, қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды; тұрақты және лайықты жалақыны; жұмыс орындарын құруды басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар, сапалы өнім өндіру, қоршаған ортаны қорғау, атаулы әлеуметтік көмек және қайырымдылық сияқты маңызды аспектілерге назар аудара отырып, компанияның маңызды активі оның жұмыскерлері болып табылатынын атап өтті. 

 

 

Владимир Викторович Джуманбаев қызмет барысы жайлы есепті өндірістік көрсеткіштерді талдаудан бастады. 2017 жылмен салыстырғанда аршу жұмыстарының көлемі 6,4 млн.м3  ұлғайды, өндіру 1,08 млн. тн  ұлғайды, тиеп жөнелту 1,3 млн. тн ұлғайды. Ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоғары өнімді HITACHI EX3600 экскаваторын (шөміш көлемі 22 мᶟ) және БелАЗ 75306 автотүсіргілерін (жүк көтергіштігі 220тн) сатып алу есебінен техника паркін айтарлықтай жаңартуға және тау-кен жабдығы жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда инвестицияның жалпы көлемі 36 млн. $  асты.

 

 

Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру еңбекақы мөлшерінің жыл сайын өсуіне ықпал етеді. 2019 жылы өсім 14% , 2020 жылы - 12%  құрады, 2021 жылы жалақы 12% өсті. Бұдан басқа, «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС директорлар Кеңесінің шешімімен ел басшылығының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы өтінішін қолдау үшін 2020 жылдың шілде және қазан айларында COVID-19 ұзаққа созылған пандемиясы кезеңінде материалдық қолдау көрсету мақсатында еңбекақысы келісім-шарт бойынша жүзеге асырылатын қызметкерлерді қоспағанда, барлық жұмыскерлерге 100 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүргізілді. Осы шешім аясында бірқатар іс-шаралар жалғасуда, олардың мақсаты ұжым мүшелері мен олардың отбасыларын қолдау болып табылады, атап айтқанда, отбасылық табысы есептелген күнкөріс деңгейінен аспайтын жұмыскерлерге атаулы әлеуметтік көмек төлеу, өткен жылдың мамыр айынан бастап КВИ және пневмония диагнозы қойылған жұмыскерлердің еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша орташа жалақысына қосымша ақы төлеу және т.б. «Kazakhmys Coal (Казахмыс Коал)» ЖШС жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген кезде жыл сайын бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы төленеді.

 

Кәсіпорында жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Өткен үш жылда жатақханаларға, себезгі бөлмелеріне, асханаларға жөндеу жүргізілді, жиһаз, тұрмыстық техника, тренажерлар және т.б. сатып алынды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасады: № 1 жатақхана ғимараттарының ішкі үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізу, техникалық наряд бөлмесі, ғимараттардың шатыр жабындарын қалпына келтіру, кеніштің бортына тамақ қабылдау пунктін орнату жоспарланған.

 

 

Бұдан басқа, «Kazakhmys Coal (Казахмыс Коал)» ЖШС жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында жаңа заманауи вахталық кент құрылысының тұжырымдамасы әзірленді. Жоба кеніш жұмыскерлерінің жұмыс және тұру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Құрылыс процесінде жоғары технологиялық құрылыс және әрлеу материалдары пайдаланылатын вахталық қалашық заманауи қонақ үй және әкімшілік-тұрмыстық кешенді қамтиды. Жобаны іске асыру  2022 - 2025 жылдарға белгіленген.

 

Есептік таныстырылым аяқталғаннан кейін қатысқан әрбір қызметкер «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС Отын-энергетикалық кешенінің басшылығына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

 

Қорытындылай келе, кездесу әкімшілік пен жұмыс ұжымының өкілдері арасында ашық диалог жағдайында өтті, бұл қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты орындаудың кепілі болып табылады. Осындай кездесулер, олардың маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорын активімен тұрақты негізде өткізілетін болады.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.