Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
24 Мамыр 2021 МАКСИМ ӘЛИАСҚАРОВТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Максим Алиаскаров – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған байыту фабрикасының қызметкері жақында Түркістаннан кезекті жеңіспен оралды. Ол самбодан спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

 

 

- Бала кезімнен спортпен айналыстым – футбол ойнадым, бокспен, армреслингпен, гір спортымен, самбомен әуестендім. Бұл жолы Чемпионат спорт шеберлері арасында            14-17 мамыр аралығында Түркістан облысында өтті. Бүгінгі таңда басқа спорттық жетістіктерден бөлек, мен Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы және спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін жүлдегері атағына ие болдым. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарға 1980 жылдан бері қатысып келемін, көп жылдар бойы Жезқазған мыс қорыту зауытының құрамасына қатысып, Жезқазған байыту фабрикасына ауысқан кезде де туған кәсіпорнымның командасы құрамында болдым. Футбол бойынша «Қазақмыс» корпорациясының чемпионы болдым. Біз цехаралық спорттық іс-шараларды жиі өткіземіз – бұл үлкен жарыстар алдында дене пішінін сақтап, жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Осы жылы жаттығулар қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді, мұсылман ретінде мен ораза ұстадым және жарыстарға қызу дайындалдым, көріп отырғаныңыздай, жеңіске жеттім. Кейде жұмысты, жаттығу мен спорттық жарыстарды қатар алып жүру оңай емес, алайда кәсіпорындарымыздың басшылығы бізге үлкен қолдау көрсетеді. Жезқазған байыту фабрикасының басшылығына оның директоры Мұрат Бөрібаевқа ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қаржылық қолдауды «Қазақмыс» корпорациясының Жастар Одағы мен «Кәсіп Қорған» кәсіподағы көрсетуде. Бүгінгі таңда мен ЖБФ-ның №1 бас корпусында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеймін, ұжымымыз тату және ұйымшыл. Биыл менің жасым 63-ке толады. Алайда, менің болашаққа деген жоспарларым көп, Жезқазған өңірін дәріптеу үшін тағы да көптеген жеңістерге жеткім келеді. Тамаша адамдардың осында тұрып, еңбек ететіндерін барлығы білсін, - деп жерлесіміз әңгіме барысында атап өтті.

 

Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз!

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.