Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
25 Наурыз 2021 Қазақмыс компаниясы Наурыз мейрамын қарсы алды

Жылдың айтулы мерекесінің бірі - Наурыз мейрамы да келіп жетті, ол көктемгі жаңарудың, сүйіспеншілік пен махаббаттың, игілік пен достықтың салтанат құратын шағы. Осы бір айтулы мереке - күн мен түннің теңелу күні «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарында да аталып өтілді.

 

 

 

Осы мерекемен көптеген салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар тығыз байланысты. Қазіргі пандемия іс-шаралар өткізу барысына өз түзетуін енгізді, дегенмен көктемгі қуанышты көңіл-күйді қалыптастыруға деген ұмтылыс әрқашан жүрегімізден орын алады.

Наурыз қарсаңында «Қазақмыс» тобының негізгі өндірістік кәсіпорындарының аумағы ұлттық атрибуттармен және мерекелік әшекейлермен безендірілді. 22 наурыз күні жұмыс асханаларында негізгі ас мәзірінен басқа, жұмыскерлерге ұлттық тағамдар – шұбат, қымыз, шелпек-бауырсақ, құрт-ірімшік және тіршіліктің жеті элементін білдіретін жеті дәмнен - су, ет, тұз, май, ұн, сүт және дәнді дақылдардан (күріш, жүгері немесе бидай) дайындалатын Наурыз көже ұсынылды.

 

 

 

Наурыз мейрамын мерекелеуде дәстүр бойынша көңілді ойындар ойнатылып, басқа да ойын-сауық іс-шаралары жүргізіледі. Осы мереке қарсаңында еңбек ұжымдары арасында барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, армреслинг, асық ату, арқан тартудан спорттық іс-шаралар өткізілді. Ал 26 наурызда әйелдер арасында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлерінің «Jastar Bolashaq» жастар одағы» ҚҰ бірлесіп «Қазақмыс аруы» байқауы өткізіледі.

 

 

 

Қазақмыс тобы - салт-дәстүрі мен наным-сенімі бөлек, әртүрлі жастағы адамдардың басын біріктіріп отырған көпұлтты компания. Наурыз мейрамын бірге  мерекелеудің арқасында, компанияның жұмыскерлері бір-бірімен қуанышын бөлісіп, денсаулық пен игілік, отбасылық амандық тілей отырып, жақындаса түседі.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.