Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
12 Наурыз 2021 Қазақмыс: кадрларды даярлауда оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибесі

Білікті кадрлар, сапалы дайындалған мамандар – бұл әрбір компанияның маңызды ресурсы. Жоғары білікті кәсіби кадрларды даярлау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ оны азайту бойынша жүйелі жұмысты жүргізу мәселелері Қазақмыс басшылығы мен Қазақмыс Тобының басқару органдарында – Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет пен Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі комитетте басымдыққа ие.

 

Өндірістік кадрларды даярлау мақсатында 2008-2009 жылдары Қазақмыстың корпоративтік оқу орындары, яғни Сәтбаев қаласында Технологиялық колледж және Балқаш қаласында Политехникалық колледж құрылды.

 

Оқу орындары он жылдан астам тау-кен өндіру, байыту және металлургия бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлайды, сондай-ақ тау-кен металлургия кәсіпорындарының жұмысшы кәсіптегі жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру курстарын және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында кадрлар даярлауды жүргізеді.

 

Бүгінгі таңда корпоративтік колледждер мен олардың жанында жұмыс істейтін кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарының (КДжәнеҚДО) оқытушылар құрамы жүргізіліп жатқан жұмысты неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтеру міндетін алдарына қойып отыр.

Заманауи өндіріс дайындалатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге өз талаптарын қояды және мамандандырылған кәсіптік оқытумен қоса:

 

- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы дайындық, оның ішінде өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық жүйелерін қолдану тәжірибесін қайта қарау және пәндер мен курстардың оқу жоспарларына да, жұмыс бағдарламаларына да енгізу мәселелерін;

- оқу пәндерін, мамандықтар мен курстарды оқыту сапасын тұрақты жақсартуды және оқытушылар құрамы мен оқу-көмекші персоналдың кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруды ерекше назарында ұстайды.

Осы жылдар ішінде корпоративтік колледждер мен КДжәнеҚДО Қазақмыс кәсіпорындарының басшыларымен тікелей қарым-қатынаста болып, олардың  сұраулары мен қажеттіліктеріне қарай кадрлар даярлайды. Осы бағытта өндіріс жұмыскерлері оқу жоспарларын әзірлеуге, оларды өзектендіруге және келісуге жәрдемдесіп, студенттермен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, оқу процесіне компанияның тәжірибелі инженерлік-техникалық жұмыскерлерін тарту арқылы бірқатар жетістіктерге қол жеткізіледі.

 

Жоғарыда аталған басымдықтарды іске асыру үшін Қазақмыс корпоративтік оқу орындарына барлық қажетті жағдайларды жасауда. Колледждер мен оқу-әдістемелік кешендерде айтарлықтай материалдық оқу-зертханалық база бар, кәсіби педагогикалық ұжым іріктеліп, дуальды оқыту негізінде кәсіпорындармен ынтымақтастық дұрыс жолға қойылған. Оқу орындарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға да көп көңіл бөлінеді.

 

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында мемлекеттік мекемелер педагогтерінің білім беру сапасы мен жалақы деңгейіне ерекше назар аударып, онда педагогтерді ынталандыру, оның ішінде жалақыны арттыру қажеттілігін атап өткен.

 

Қазақмыс корпоративтік колледждерінің қызметкерлері мен олардың жанында жұмыс істейтін Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарының оқытушылары да назардан тыс қалған жоқ, 2021 жылғы                   1 наурыздан бастап олардың жалақысы өседі. Бұл шешім корпоративтік оқу орындары қызметкерлерінің барлық санаттарына қатысты болады, ұлғайту базалық лауазымдық жалақыны, тұрақты қосымша ақыларды және оқытушылардың жалақыларының ауыспалы бөлігін қалыптастыру бойынша жалпы қабылданған талаптарды ескере отырып жүргізіледі.

 

«Мен ешқашан оқушыларыма сабақ бермеймін. Мен оларға тек өздері оқи алатын жағдайларды беремін», - деп Альберт Эйнштейн айтқандай жоғары білікті кадрларды даярлау, алдына мақсат қоя білетін белсенді жас буынды тәрбиелеу - бұл өндіріс пен оқытушылар құрамының ортақ міндеті.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.