Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
30 Желтоқсан 2020 Жыл қорытындысы: пандемия кедергі емес

Биылғы жыл тек Қазақмыс пен Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік қауымдастық үшін аса ерекше жыл болды. COVID-19 пандемиясы тіршілік атаулының бәріне әсер етті. Дегенмен, Қазақмыс өзінің алға қойған жоспарларынан бас тартқан жоқ, бұдан басқа, компания жыл бойы қайырымдылық жасап, өз жұмыскерлеріне жан-жақты қолдау көрсетті.

 

 

Біздің құрылыс

 

Екі заманауи объектінің, яғни Жезқазғанда күн электр станциясы мен Балқашта өнеркәсіптік зертхананы жұмысқа қосу Компания үшін 2020 жылдың айтулы оқиғасы болды.

Электр станциясының энергия көзі - орнатылған күн батареяларымен өңделген күн сәулесі. Батареялар қорғалған және -45 градусқа дейінгі аязға төтеп береді. 29456 гелиопанельдің қуаты 1800 жеке тұрғын үйді энергиямен қамтамасыз етуге жетеді. Жезқазған күн электр станциясының жылына 14 млн кВт/сағатқа дейін электр энергиясын өндіретіні жоспарланып отыр. Жоба 27 жылға есептелген. 

Жалпы ауданы 3700 ш.м. құрайтын жаңа зертхана Каспий өңіріндегі ең ірі талдау зертханасына айналды және әлемдегі ең ірі талдау зертханаларының қатарына кірді. Зертхана талдамалық зерттеулерді орындау сапасына, сондай-ақ қоршаған ортаны және жұмыскерлердің денсаулығын қорғауға қойылатын заманауи салалық стандарттарға сәйкес құрылған. Жаңа объект Балқаш байыту фабрикасы, Балқаш мыс қорыту зауыты және «Kazakhmys Barlau» ЖШС үшін сынамаларды дайындауға және талдамалық зерттеуге кірісті.

 

 

Жұмыскерлерді қолдау

 

Қазақмыс басшылығы 2020 жылдың сәуір айынан бастап барлық санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 7-ден 10 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.  2021 жылдың қаңтар айынан бастап жалақыны тағы да көтеру жоспарда бар. Қазақмыс жұмыскерлері үшін 13-ші жалақыны беру шешімі де жақсы жаңалық болды.

Қазақмыс пандемия кезінде өз жұмыскерлеріне 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасап, қолдау көрсетті. Бұл соманы келісімшарт бойынша еңбекақы төленетін жұмыскерлерден басқа, жұмыскерлердің барлық санаттары бір жылда екі рет алды.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы тағы бір бағыт - атаулы әлеуметтік көмек. Қазан айының соңында «Қазақмыс» тобы кәсіпорындарының 1540 жұмыскері корпорациядан жалпы сомасы 92 млн. теңгеден асатын төлем алды. Материалдық қолдау жұмыскердің отбасының бір мүшесіне шартты жиынтық табыс есебінен көрсетілді.

Көп балалы отбасы бар Қазақмыстың 133 жұмыскеріне пәтер кілтін табыс ету маңызды оқиға болды. Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Қарағайлы, Топар және Молодежный кенттеріндегі Қазақмыс жұмыскерлері жайлы жабдықталған төрт, бес және алты бөлмелі пәтерлерге ие болды.

 

 

Пандемиямен күрес

 

Пандемияға қарсы күрес бойынша мемлекетті қолдау жөніндегі қайырымдылық іс-шараларының бірі ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі концентраторларымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру болды.

Сонымен қатар, Қазақмыс коронавирус пандемиясы кезеңінде сұранысқа ие болған қашықтықтан білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытына 190 миллион теңге бөлді. Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы білім беру мекемелеріне 922 ноутбукті тегін берді.

Коронавирус пен тұмауды жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, Қазақмыс маусымдық тұмауға қарсы вакциналар сатып алуға қаражат бөлді. Компанияның 45000 жұмыскері мен қала тұрғындарына тегін екпе жасалды.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері корпорация өз жұмыскерлеріне, қала тұрғындарына және медицина мекемелеріне шамамен 17 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетті.

 

 

Жұмыскерлердің денсаулығы маңызды

 

Қазақмыс қараша айында 2021 жылдың басынан бастап Сәтбаев қаласының тұрғындарын сауықтыру жөніндегі пилоттық бағдарламаның іске қосылатыны жайлы мәлімдеді.

Барлық шараларды үш жыл ішінде іске асыруға шамамен 5,5 млрд теңге жұмсалады екен. Сәтбаев қаласында жаңа заманауи емхана салынады. Тұрғындар барлық медициналық қызметтерді қала сыртына шықпай-ақ алатын болады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, оған жағдай жасау бағытына да назар аударылатын болады.

Бағдарламаны жасаушылар барлық тараптың, атап айтқанда тұрғындардың, дәрігерлердің, жергілікті билік органдарының пікірлерін ескерді. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады. Кадр мәселесін жас мамандарға тұрғын үй беру арқылы шешу ойда бар. Осыған ұқсас бағдарламаларды Жезқазған мен Балқаш өңірлерінде де әзірлеу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.