Жаңалықтар
Құрметті әріптестер, Қазақмыс Тобы компанияларының жұмыскерлері!
Осы жыл компанияның барлық еңбек ұжымы үшін, жалпы еліміз үшін күрделі сынақ болды. Алайда бұл біздің ауызбіршілігімізді арттырып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қамқор болуымызға тағы бір айқын себеп болды.
Жыл қорытындысын шығара отырып, кеншілерге, металлугтарға, кен байытушыларға, Топтың барлық жұмыскерлеріне пандемия жағдайында атқарған ауыр еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Алға қойған өндірістік міндеттерімізді барлығымыз жұмыла отырып, сәтті атқарып шықтық, ең бастысы адамдардың денсаулығын сақтап қалдық.
Біз әрбір үлкен істің басында нақты адамның тұрғанын түсінеміз. Қазақмыстың әр қызметкері – компанияның басты құндылығы. Қазақмыс өзінің қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, бір жылдың ішінде бірнеше рет материалдық қолдау көрсетті – әр жұмыскерге 100 мың теңгеден екі рет төлем жүргізілді, көктемде жалақы көтерілді. Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында жыл қорытындысы бойынша «13-жалақы» деп аталатын сыйақы төленетін болады.
Сонымен қатар, біз тұтыну кәрзеңкесінің құнына талдау жасап, инфляциялық процестерге бағалау жүргіздік және бірінші кезеңде 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап жұмыскерлердің барлық санаттары бойынша дифференциалды түрде жалақыны орташа есеппен 8,3%-ға көтеру туралы шешім қабылдадық. Содан кейін, екінші кезеңде, жағдайды мониторингілеу және толықтай талдау қорытындылары бойынша келер жылдың маусым айына дейін жалақыны арттырудың қосымша пайызы есептелетін болады.
Барлығымыз бірігіп, осы қиын-қыстау уақытты жеңіп шығатынымызға кәміл сенемін.
Барлықтарыңызға зор денсаулық, болашаққа деген нық сенім және қызметтеріңізге табыс тілеймін.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!