Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
27 Қараша 2020 Тұрғындарды сауықтыру бойынша пилоттық бағдарлама Сәтбаев қаласында жүзеге асырылуда

Қарағанды облысы моноқала тұрғындарын сауықтыру бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатқан еліміздегі алғашқы облыс болады. Аталмыш бағдарламаны халықаралық деңгейдегі тәуелсіз сарапшылардың зерттеуіне тапсырыс бере отырып, «Қазақмыс» корпорациясы ұсынды. Пилоттық жобаны іске асыру үшін Сәтбаев қаласы таңдалды. Үш жыл ішінде Барлық шараларды жүзеге асыру үшін шамамен 5,5 млрд теңге қажет болады. Мемлекет пен корпорация қаражатының есебінен ортақ қаржыландыру күтілуде.

 

 

Қарағанды облысының әкімдігі мен компания ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Келісімге Жезқазған қаласындағы кездесу кезінде өңірдің басшысы Жеңіс Қасымбек пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай қол қойды. 

 

- «Қазақстан жаңа жағдайда: іс-қимыл уақыты» Жолдауында ел Президенті моноқалаларға «екінші тыныс» беруде қала құрушы кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті. «Қазақмыс» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарына адалдығын көрсете отырып, облыс үшін маңызды мәселелерді шешуге белсене қатысады. Компания алғашқылардың бірі болып Елбасының пандемиядан зардап шеккендерге көмек қорын құру туралы үндеуіне жауап берді және дәрігерлерге үлкен қолдау көрсетті. Корпорация көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етті. Алда әлі де көптеген игі істер күтіп тұр», - деді Жеңіс Қасымбек

 

 

Сәтбаев қаласының тұрғындарын сауықтыру бағдарламасы 2021 жылдың қаңтарында басталады. Қалада ғылыми зерттеулер, тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Сарапшылар медициналық ұйымдардың жағдайына және халықтың денсаулығына әсер ететін қауіп факторларына толық талдау жасады. Бағдарламаны жасаушылар барлық тараптардың: тұрғындардың, дәрігерлердің, жергілікті биліктің пікірін ескерді.

 

Моноқалада қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Басқа өңірлерге бармас үшін Сәтбаев қаласында жоқ қызметтер пайда болуы керек. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және сол үшін жағдай жасауға күш жұмсалады.

 

Қаланың медициналық ұйымдарын жаңа заманауи жабдықпен жабдықтау жоспарлануда. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылады. Кадр мәселесін жас мамандарға тұрғын үй беру арқылы шешу көзделіп отыр.

 

 

Эдуард Огай компания Сәтбаев қаласында заманауи емхана құрылысын қаржыландыруға дайын екенін хабарлады.

- Біз жұмысшылардың өмірін жақсарту және лайықты деңгейді қамтамасыз ету үшін бағдарламаға қатысуға шешім қабылдадық. Болып жатқан өзгерістерден шетте қала алмаймыз, сондықтан инфрақұрылымды дамытуға қаржы саламыз деп ұйғардық. Алдағы үш жылда нәтиже көрінетін болады деп ойлаймыз, - деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы.

 

 

Осыған ұқсас бағдарламаларды Жезқазған мен Балқаш үшін әзірлеу жоспарланған.

 

Кездесуде Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев және Ұлытау ауданының бес жылдық тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Ол да «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп іске асырылуда. Компания өз қаражатын моноқалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсайды. Бюджет қаражатына 131 жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішінде су құбыры, жылу желілерін қайта жаңарту және газ тарту, тұрғын үй құрылысы, шатырларды, қасбеттер мен жолдарды жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, апаттық үйлердің мәселелерін шешу және әлеуметтік нысандарды жөндеу, қауіпсіздік және экология мәселелері бар.

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.