Жаңалықтар
Кілттер металының жалт-жұлт етуі, мереке қарсаңындағы іскерлік қарбалас және «Біздің өз үйіміз болады!» деген рухтандырушы жаңалықты соңына дейін түсініп болмаған бақытты, шамалы сасқалақтап жымиған адамдар. Осындай атмосферада кеше сыйға тартылған тұрғын үйдің кілттерін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелерінің жиырма жеті қызметкеріне табыстады.
Салтанаттың себепкерлері абдырап қалып, бірақ шын жүректен алғыс білдірді. Жылжымайтын мүліктің қазіргі кездегі бағасын ескере отырып, көп балалы отбасы үшін осындай сыйлықтың маңыздылығын асыра бағалау қиын. Отыз жыл бойы бір жалдамалы пәтерді басқасына ауыстырып жүрген от жағушы машинист Клара Асқарованың отбасысы сияқтылар ғана мұны толық бағалай алады. Енді оның жұбайымен бірге және алты ұлында қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған жайлы төрт бөлмелі пәтері бар.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменкулов жаңа қоныстанушыларды бірінші болып ресми түрде құттықтады. Ол қоныстанушыларға кілттерді табыстап, жаңа жерде бақытты өсір сүруін тіледі. «Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында, біздің бүгін күрделі өндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкіндігіміз бар. Сондықтан сіздердің бүгінгі мерекелеріңіз де сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі!», - деп атап өтті ол.
Бұл «Қазақмыс» компаниялары Тобының көп балалы жұмыскерлеріне қолдау көрсету бағдарламасын іске асырудың кезекті кезеңі болды. Жұмыскерлерге, соның ішінде көп балалы жұмыскерлерге қамқорлық жасау компанияда мейірімді дәстүрге бұрыннан айналған. Жалпы, осы жылы, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үш жақты меморандумы аясында, жайлы жабдықталған тұрғын үйді компания жұмыскерлерінің 133 көп балалы отбасылары алды. Науқандар Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті, ал қазіргі жаңа қоныстанушылардың географиясы барлық Қарағанды өңірінен тұрады, облыстық орталықтан басқа, пәтерлер мен коттедждер Теміртау қаласында, Қарағайлы, Топар және Молодежный кенттерінде орналасқан.
Владимир ОДИНЦОВ.
Автордың фотосы.